Адами капиталға «инвестиция тарту». Қарулы күштердегі кадр саясатының 2027 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленді

3080
Adyrna.kz Telegram

Қарулы күштерде адамдар негізгі қызметті атқарады. Демек, офицер немесе сарбаз болсын, олардың әрқайсысы кәсіби тұрғыда оқытылуы, қамтылуы, моральдық-жауынгерлік рухы жоғары деңгейде болуы керек. Кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында әскери білім беру жүйесін дамыту және кадр саясатын жетілдіру шаралары қабылдануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов хабарлады.

Бұның түпкі мақсатында әскери қызметшілердің кәсіби құзыретін кеңейту, лайықты жоғарылату және ашықтық қағидасымен олардың мансаптық өсуін қамтамасыз ету жатыр.

«Қарулы күштердегі кадр саясатының 2027 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленді. Осы мақсатта «Жас Ұлан» мектептері, әскери колледждер, үш әскери жоғары оқу орны және Ұлттық қорғаныс университеті әскери кадрлар даярлауда үш деңгейлі жүйемен қызмет етеді. Одан өзге, әскери қызметшілердің курстық дайындықтан өтуі де қамтылған. Неғұрлым тапшы мамандықтар, сондай-ақ қажетті мамандықтар бойынша дайындық шетелдің жетекші әскери оқу орындарында ұйымдастырылған», - деді спикер.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер