Еуроодақ Ресейге қарсы тағы да жаңа санкциялар қабылдауға ниетті

3438
Adyrna.kz Telegram
фото: РИА Новости
фото: РИА Новости

Еуроодақ сыртқы істер кеңесінің келесі отырысында Ресейге қарсы алтыншы санкциялар пакетін қабылдамақ,  деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Панамада өткен баспасөз мәслихатында Еуроодақ Сыртқы істер министрі Жозеп Боррелл мәлімдеді. Одақ Украинадағы соғысқа байланысты Мәскеуге санкция салу әрекетінің бір бөлігі ретінде ресейлік энергия экспортын шектеуді көздедеуде, деді ол.

Одақтың атқарушы органы Еурокомиссия осы аптада ЕО санкцияларының пакетін, соның ішінде ресейлік мұнайды сатып алуға эмбарго салуды ұсынады деп күтілуде - бұл Мәскеуді негізгі кіріс ағынынан айыратын шара.

Сыртқы істер кеңесінің отырыстарына төрағалық ететін Боррелл ЕО «осы импортты айтарлықтай шектеу үшін шаралар қабылдай алады» деп үміттенетінін айтты, бірақ блоктың барлық мүшелерінен әлі де келісім болмағанын мойындады.

«Бірақ, кем дегенде, мұнай импортына қатысты мұндай келісім кеңестің келесі отырысына дейінгі кезеңде мүмкін болатынына сенімдімін», - деп қосты ол.

Айта кетейік, кеңес отырыстары 10 мамыр мен 16 мамырға жоспарланған.

Бұған дейін Еуропалық кеңес басшысы Чарльз Мишель Еуроодақ Ресейге қарсы қосымша санкциялар қабылдауға дайындалып жатқанын айтқан.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер