Құлсары қаласын су басты

3171
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысының Жылыой ауданындағы Жем өзені тасып, салдарынан Құлсары қаласындағы үйлерді су басты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«21 сәуір күні сағат 05:57-де Жылыой ауданы Құлсары қаласының 7-ші ауылында Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты үш аула аумағын су басты. 10 адам, оның ішінде төрт бала эвакуацияланды. Олар туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Ең қауіпті учаскеде 7-ші ауылдың үйлерін қорғау үшін топырақ үйіндісін салу және құм салынған қаптарды төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстарға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және Жылыой ауданының ірі кәсіпорындарының қызметкерлері мен техникасы қатысады. Барлығы 92 адам мен 24 техника», деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер