2 автокөлікке 584 млн теңге: Перуашев бюджеттен күмәнді шығындар шығып жатқанын айтты

2258
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бюджеттен қажетсіз шығындар кетіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Бюджеттің тиімсіз шығындарын қысқарту. Қазірдің өзінде қаңтар оқиғасынан ешнәрсе үйренбеген шенеуніктердің ескі амалдары мен ескі тәбетін жиі көреміз. Мәселен, Миялы ауылында 2 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысына 584 млн теңге жоспарланған, яғни бір миллион үш жүз мың доллар. Миллион долларға екі көлікке арналған бокс емес, жарты ауыл сатып алуға болады. Осы мәселелерді фракцияда талқылаған кезде аудандық мәслихат депутаттарының бірі оның орнына 100 млн қосып, үш ауысымның орнына толыққанды ауыл мектебін салуға болатынын айтқан еді. Бірақ шығынды негіздеуді сұраған кезде барлығы «жобалық-сметалық құжаттамада келісілген, сараптама да мақұлданған» деп жауап береді. Бұл байламның қалай жұмыс істейтінін бәрі бұрыннан біледі: тапсырыс беруші – жобалаушы-мердігер, олардың әрқайсысы жобаның құнын «көбейтуге» мүдделі», – дейді ол.

Перуашевтың айтуынша, ел бюджетінде күмән тудыратын шығындар көп.

«Яғни, біз өз балаларымызға қарағанда легионерлерге 80 есе көп ақша бөлеміз. Тағы бір мәселе, министрліктердің көбісі әртүрлі зерттеулер мен кеңес беру шығындарынан бас тартады. Бұл дұрыс, себебі саладағы жағдайды талдау және түсіну министрліктер мен олардың қызметкерлерінің тікелей міндеттеріне кіреді. Алайда цифрлық даму министрлігі кенеттен консалтингке 953 миллион теңге, ал Ұлттық экономика министрлігі жалпы 1,5 миллиард жұмсау туралы шешім қабылдады», - дейді Перуашев.

Пікірлер