Путиннің армиясы жақын арада толық жеңіліске ұшырайды - әскери сарапшы Жданов

6857
Adyrna.kz Telegram

Украинадағы Ресей армиясы алдағы бірнеше айда толық жеңіліске ұшырауы мүмкін. Украинаның Қарулы Күштеріне одақтас елдер қару-жарақтың заманауи үлгілерін ұсынған жағдайда бұл мерзім қысқартылуы мүмкін. Мұндай болжамды әскери сарапшы Олег Жданов "Obozrevatel" басылымына берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

«Біздің армиямызда заманауи қару-жарақтың немесе жеткілікті мөлшердегі қару-жарақтың болуы оқиғалардың барысын біздің пайдамызға түбегейлі өзгертуі мүмкін», - деді ол.

Сарапшы бүгінде қолда бар мүмкіндіктердің өзінде Украина армиясының соғыста жоғары нәтиже көрсетіп отырғанын атап өтті.

«Біз қазірдің өзінде қолымызда бар қару-жарақпен жауды жойып жатырмыз, егер бізге қажетті мөлшерде және заманауи қару-жарақ берілсе, біз бұл процесті өзіміз үшін жеңілдетеміз», - деді Жданов.

 

Пікірлер