"Мәйітке 2 апта болған деді": Мәйіті Қырғызстанда табылған сарбаздың туыстары сотқа шағым түсірмек

2379
Adyrna.kz Telegram

Жамбылдағы әскери бөлімде жоғалып кетіп, 39 күнде денесі таудан табылған Ұлықбек Бердішевтың жақындары сотқа арызданбақ. Олардың айтуынша, біреулерден қысым көруі мүмкін  екен. Сондықтан туыстары кінәлілердің жазалануын талап етуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Astana арнасына сілтеме жасап. 

“Медицина сараптама жасаған мамандарға осындай сұрақ қойдым. Мына мәйітке қанша уақыт болған, қанша күн болған дегенімде. Әрі кеткенде 1,5-2 апта болды деді. Сонда қалған уақытта бұл бала қайда болды, кім ұстап отырды. Суицидке кім жеткізді бұл баланы? Күдік көп, күмән көп, сұрақ көп. Соның жауабын бізге кім бере алады?", - дейді Ұлықбек Бердішевтің туысы Дәрігүл Жұмағалиева. 

Сарбаздың денесіне Тараз қаласында сот медициналық сараптама жасалған. Туыстарының айтуынша, оның қорытындысы 1 айдың көлемінде белгілі болады.  13 сәуірде жақындары Ұлықбектің денесін жер қойнына тапсырды. 

Еске салайық, Жамбылдағы шекара қызметіндегі "Андас батыр" заставасында әскери борышын өтеп жүрген Ұлықбек Бердішов 2 наурызда із-түссіз жоғалған еді. Арада бір жарым ай өткенде оның мәйіті Қырғызстан шекарасынан, тауда асылып тұрған күйде табылды.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер