Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әскерде жараланған сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайы жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ербаян Мұхтардың жағдайы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бақылауда. Ата-анасымен осыдан бірнеше күн бұрын кездестім. Жағдайы тұрақты. 16 медициналық қызметті қосымша алу қажеттілігіне байланысты Ұлттық медициналық орталығына күні кеше жатқыздық. Қасында әкесі бар. Тиісті көмекті сырқатына байланысты алып жатыр, – деді Ақмарал Әлназарова үкімет отырысында.
Оның айтуынша, Ербаянның диагнозы өте қиын. Жарақатпен бірге денесіне инфеккция да түскен.
«Тиісті ем-дом шаралары жүргізіліп жатыр. Түркияға барып келді. Өзіміз де қосымша қарап жатырмыз. Қажет болса Түркияда немесе басқа мемлекетте ем-домын ұйымдастыру мәселесін ата-анасымен талқыладық. Қазақстанда емделуге келісімдерін берді. Алдын-ала болжам жасамай-ақ, көмектің алып жатқанын айтқым келеді, – деді ол.