Нұрсұлтан Назарбаев КТК телеарнасының акцияларын сатып алды

2124

Нұрсұлтан Назарбаев КТК телеарнасының акцияларын сатып алды. Бұл туралы БЕСсимптомно Telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

БЕСсимптомно арнасының ұсынған мәліметі бойынша, «Коммерциялық телеарна» АҚ-ның 2 396 156 жай акциясын бір акция үшін 500 теңгеден «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жеке қоры ұсынған негізгі акционер сатып алды. Мәміленің жалпы сомасы 1 198 078 000 теңгені құрайды. Коммерциялық емес ұйым төлем ретінде медиа жабдығын берген.

28 ақпан күні КТК телеарнасы акционерлер жиналысында 2 622 850 жай акция шығару арқылы АҚ жарияланған акцияларының санын 8 152 925-ке дейін ұлғайту туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

14 наурызда акционерлер жиналысы осы акция санын (2 622 850 жай акция) сатуға шығару туралы шешім қабылдады.

«Коммерциялық Телеарна» АҚ мәміле жасасқанға дейінгі акционерлер:

  • «TV Media Advertising Agency» ЖШС (TV Media Advertising Agency) АҚ жалпы 321 470 дауыс беретін акцияларына (барлық дауыс беретін акциялардың 5,81%) иелік етеді.
  • «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жеке қорына АҚ-ның жалпы саны 5 051 653 дауыс беретін акциялары (барлық дауыс беретін акциялардың 91,36%) тиесілі.

Айта кетейік, «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жеке қорының негізін қалаушы – Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Ал директоры – оның қызы Дариға Назарбаева.

Сондай-ақ, «TV Media Advertising Agency» ЖШС Қазақстандағы ең ірі жарнама агенттігі. Оны Валерий Сафонов басқарады. Одан бөлек бірнеше  жыл бойы Дариға Назарбаевамен байланысты жарнама бизнесімен айналысады.Осы арқылы Дариға Назарбаева екі құрылым бойынша КТК телеарнасын бақылауды жалғастыруда.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket