170-ке жуық ресейлік Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірді

2208
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қазақстан азаматтығын алуға қанша ресейлік азаматтың өтініш білдіргенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

170-ке жуық ресейлік Қазақстанның азаматтығын алуға өтініш білдірді. Біздің сараптама көрсеткендей, былтыр да осыншама адам өтініш білдірген. Ал бұған дейін, тіпті одан да көп – 200-ден астам адам Қазақстан азаматтығын алғысы келген, деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Сонымен қатар Марат Қожаевтың айтуынша, тұруға ықтиярхат сұрағандар санының аздап өскені байқалады. Былтыр бұл көрсеткіш 350-ден 400-ге дейін болса, 2022 жылдың басынан бері мың адамға дейін жеткен.

Сонымен қатар 10 мыңға жуық адам жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуға өтініш білдірген. Оны кез келген шет мемлекеттің азаматы бизнес жүргізу, қаржылық операциялық процестер үшін ала алады. ЖСН азаматтық немесе тұруға рұқсат алатындай құрал емес, деді Марат Қожаев.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер