Мұғалім боп жұмысқа кіргісі келген қызылордалық 850 мың теңгесінен айырылды

2108
Adyrna.kz Telegram
A cashier checks Kazakhstan's Tenge currency notes in a Eurasian Bank branch in Almaty January 15, 2015. Growing damage from Russia's financial crisis on neighbouring former Soviet states could bury President Vladimir Putin's dream of creating an economic union to rival the United States and European Union. From Belarus on the European Union's fringe to Kazakhstan on the border with China, some of those once firmly in Moscow's grip are now questioning whether Russia has what it takes to lead.  REUTERS/Shamil Zhumatov (KAZAKHSTAN - Tags: BUSINESS POLITICS) - RTR4LIM1

Мұғалім болып жұмысқа орналаспақ болған қызылордалық 850 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 
11 сәуір күні алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданған. Азаматша өзінің арызында алаяққа алданғанын айтқан.
Алаяқ азамат өткен жылдың тамыз айында мұғалімдікке жұмысқа орналастырып беремін деп уәде берген. Сөйтіп жәбірленушіден 850 мың теңге ақша алған. Бірақ көп ұзамай ақшаны алдап алған азамат телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналасу мәселесінің шешімін таппаған.
Сонымен жәбірленуші әйел полицияға арыздануға мәжбүр болды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, облыс орталығының тұрғыны ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
”Адырна” ұлттық порталы
Пікірлер