Түркістан облысындағы тас жолда Ресейден шыққан ауыр жүк көлігі өртеніп кетті

3307
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысындағы тас жолда Ресейден Тәжікстанға бет алған ауыр жүк көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2022 жылдың 9 сәуірінде түнгі сағат 21.00 шамасында болғаны хабарланды. Аудандық ішкі істер бөлімінің 102 пультіне Самара-Шымкент тас жолының 73-ші шақырымында Жиенқұм ауылы тұсында жүк көлігі өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

"Аудандық бөлімнің жедел-тергеу тобы дереу оқиға орнына аттанды. Тәртіп сақшылары жан-жақты тексере келе, Ресейден Тәжікстанға бет алған Volvo жүк көлігінің жанынан тіркеме цилиндр өртенгенін анықтады", - деп хабарлады облыстық полиция.

Өздігінен жану салдарынан ауыр жүк көлігі тұрмыстық техникамен бірге толығымен жанып кеткені атап өтілді. Материалдық шығыннан басқа зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші жүк көлігін құжаттарымен бірге тастап үлгерген.
Өрт сөндірілді. Жол тазартылып, көлік қозғалысы ашылды.

Бұл дерек Бәйдібек РОП-та тіркелді. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер