Алматыда мемлекеттік қызметкер пара алғаны үшін сотталды

4334
Adyrna.kz Telegram
Автор: Ирина Милаярова.
| Фото: shutterstock.com
Автор: Ирина Милаярова. | Фото: shutterstock.com

Алматы қалалық әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Антикордың хабарлауынша, сот үкімімен Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы А.К.Қапаров Қылмыстық Кодекстің нің 366-бабының 3-бөлігі, 4-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

«А.К.Қапаров  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша курсты аяқтағаны туралы сертификаттарға кедергісіз және жедел қол қою үшін оқу орталықтарының өкілдерінен бірнеше рет 150 000 теңгеге дейін пара алған»  делінген хабарламада.

Оған өмір бойына мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 1 819 740 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер