Қазақстан тәртіп сақшыларының санын көбейтпек

2798
Adyrna.kz Telegram
Фото: qazaquni.kz
Фото: qazaquni.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының қарауына «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы ұсынылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Құқық қорғау органдарын одан әрі нығайтуға 437 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде еңбекақыны және құқық қорғау органдарының санын арттыруға – 92 млрд. Барлық құқық қорғау органдарының арнайы жасақтарының қызметкерлері мен әскери қызметкерлерінің жалақысы орташа есеппен 20%-дан 40%-ға дейін өсті», - деді ҚР Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева «2022-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева атап өткендей, бюджетті нақтылау аясында құқық қорғау органдарының жауынгерлік әзірлігін және техникасын арттыруға қосымша 441 млрд теңге қарастырылған.

«Бұл шығыс қаңтар оқиғасының салдарын жоюға және жалпы сомасы 4,1 млрд теңгеге өтемақы төлеуге бағытталады. Бұл шығындар зақымдалған жабдықтар мен ғимараттарды жөндеуге және қалпына келтіруге жұмсалады. Қазіргі уақытта қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларына қажетті жәрдемақы мен өтемақы төленді. Құқық қорғау органдарын одан әрі нығайтуға 437 млрд теңге, оның ішінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысы мен санын арттыруға 92 млрд теңге қарастырылған. Барлық құқық қорғау органдарының арнайы жасақтары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жалақысы орта есеппен 20-дан 40 пайызға дейін өсті», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан және Қорғаныс министрлігінің арнайы жасақтарын арнайы көліктермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Материалдық-техникалық базаны толықтыруға 91 млрд теңге, оның ішінде әскери-көліктік авиация флотына 15,5 млрд теңге бөлінді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер