Қытай Ресейден мұнай мен көмірді юаньға сатып алды - БАҚ

3386
Adyrna.kz Telegram
Фото: SeongJoon Cho / Bloomberg
Фото: SeongJoon Cho / Bloomberg

Қытай Ресейден юаньмен төленген мұнай мен көмір партияларының келуін күтіп отыр. Бұл туралы Bloomberg жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ведомствоның мәліметінше, алғашқы жеткізілім сәуір айына жоспарланған. Қытайдың бірнеше компаниясы наурыз айында көмір импортын ұлттық валютамен төледі. Ресей мұнайын сатушылар да жергілікті сатып алушыларға юаньмен төлеу мүмкіндігін ұсынды. Мамыр айында Қытайға шикізат келеді деп күтілуде.

Трейдерлердің айтуынша, бұл батыс елдері Ресейді халықаралық қаржы жүйесінен ажыратқаннан бері юаньмен төленген тауарлардың алғашқы жеткізілімі болмақ. Бейжің мен Мәскеу осылайша Еуропа мен Америка Құрама Штаттары салған санкциялар жағдайында сауданы сақтауға тырысуда, деп қорытындылады Bloomberg.

Айта кетейік, Ресей әскерлерінің Украинаны демилитаризациялау және деназияландыру бойынша арнайы операциясы басталғаннан кейін Батыс Мәскеуге қарсы санкциялық қысымды күшейтті. Ірі мемлекеттік банктер SWIFT жүйесінен ажыратылды, көптеген брендтер Ресей нарығынан шығатынын жариялады. Еуроодақ ресейлік энергия тасымалдаушыларынан бас тарту мәселесін де талқылап жатыр.

Кремль бұл шараларды экономикалық соғыс деп атады. Жауап ретінде Ресей капиталды шығаруды және шетелдік контрагенттер ресейлік бағалы қағаздарды сатуды шектеді. Сондай-ақ, достықты үзген елдер үшін газ төлемдерін рубльге ауыстырды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер