ЕО: Украинаға қару беруді жалғастырамыз, біз оның жеңілгенін қаламаймыз

2159
Adyrna.kz Telegram

Еуропалық Одақ Украинаға қару-жарақ сатып алуға берілетін қаржыны тоқтатпайды және өз тарапынан да қару бермек. Бұл туралы Еуропарламент басшысы Жозеп Боррель мәлімдеді.

24-ақпаннан бері Еуропалық Одақ елдері Украинаға қару беріп келеді. Бұл одақ тарихындағы алғашқы тәжірибе. ЕО Киевке 1 млрд доллар көлемінде қаржы бөлген болатын.

ЕО елдері сонымен қатар ресейлік энергия көздеріне балама іздеу үстінде. Катар, Иран елдерімен келісім жасауға тырысуда.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер