Қазақстан ішімдік ішуден 10 елдің қатарына енді

1159

Алкогольді тұтыну бойынша Қазақстан әлемде 10-шы орында тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында өткен есеп беру барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«ДДСҰ зерттеуіне сәйкес, 15 жастан асқан адамдар арасында алкогольді тұтыну деңгейі ерлер үшін жылына 25 литр, әйелдер үшін - 9 литр. Мысалы, жол-көлік оқиғалары, түрлі төбелес, жарақаттар, зорлық-зомбылық, улану, суға кету және т.б. алкогольді ішімдіктерді пайдаланудың кесірінен орын алады», - деді министр.

Сондай-ақ министр еліміздегі темекі өнімдерін тұтыну деңгейіне тоқталды.

«Қазақстан Республикасының ересек тұрғындары арасында темекі шегу, ДДҰ зерттеуі бойынша 15 жастан асқан адамдар арасында 21,5% құрайды, ал ерлер арасында 38% астам, әйелдерде — 6,4%. Темекі шегуді бастаудың орташа жасы 17-ден 18 жасқа дейін», - деді басқарма басшысы.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket