Ресей әскерилері Украинаға қарсы соғысудан жаппай бас тартуда - Бас штаб

12868

Ресей әскерилері Украинаға қарсы соғысудан бас тартып, жұмыстан кету туралы өтініштерін жаппай жазуда. Бұл туралы  Украина Қарулы күштері Бас штабының баспасөз орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Батыс әскери округінің 20-шы жалпы әскери армиясының 3-ші мотоатқыштар дивизиясының түрлі деңгейдегі командирлері ұрыс қимылдарына қатысудан бас тартты. Сонымен қатар, әскерилер жұмыстан кету туралы өтініштерін жаппай жазуда. Оңтүстік әскери округінің 58-ші жалпы әскери армиясының құрамынан 4-ші әскери базаның 2 батальондық-тактикалық топтарының жеке құрамы Украина аумағында ұрыс қимылдарына қатысудан бас тартты. Оларды тұрақты орналастыру пункттеріне қайтару жоспарлануда», - деп хабарлады Бас штаб.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket