Зеленский: Путиннің "тәбеті зор", оны тоқтатпасақ өзге елдерге агрессиясын жалғастырады

4853
Adyrna.kz Telegram

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Ресей бастаған соғысты Украинаның табанды қарсылығы ғана тоқтата алады. Сонымен бірге ол Ресей президенті Владимир Путиннің «тәбетінің» тек қана өсіп жатқанын айтты. Бұл туралы Зеленский Fox News арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Журналистер Зеленскийге Путин Украинадан не алғысы келетінін сұрады, оған ол былай деп жауап берді:

"Путин өзіне Батысты бергенімізді қалайды. Сіз оларға қаншалықты көп берсеңіз, соғұрлым олардың тәбеті артады", – деді Украина президенті.

Зеленский сондай-ақ егер қазір Путинді тоқтатпаса, ол Украинадан тыс жерде - Еуропада өз агрессиясын жалғастыратынын айтты.

«Барлығы білуі керек: егер бізді бұрышта қыспаққа алса, украин әскери күштері толықтай жауап береді», - деді Зеленский.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер