Нұр-сұлтандық ұжымының көзінше сотталды

3154
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда сотталушы ұжымының қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша үкім жария етілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  "Ulysmedia.kz"-ке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының қызметкеріне үкім шығарды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Ол Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілерінен қоғамдық тамақтану саласында ақша қаражатын алу фактісі бойынша, пандемия кезеңінде әкімшілік жауапкершіліктен жалтарғаны үшін кінәлі деп танылды. Үкімді жариялау сотталушы ұжымының, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қызметкерлерінің қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы өтті», - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

2021 жылдан бастап алдын алу шарасы ретінде қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасады деп айыпталған мемлекеттік қызметкерлер ұжымдарының сот отырыстарына қатысу практикасы енгізілді.

 

 "Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket