Зюгановтың мәлімдемесіне Сыртқы істер министрлігі наразылық білдірмейді

3063
Adyrna.kz Telegram

ҚР Сыртқы істер министрлігінен депутат Зюгановтың мәлімдемесіне байланысты ресми наразылық болмайды.

Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді:

“Бұл видео екі айдан кейін пайда болып отыр, және Украина-Ресей арасындағы қақтығыс кезінде пайда болуы кездейсоқ емес. Қарулы әскери қақтығыс жаһандық ақпараттық кеңістіктегі күрестің шиеленісуімен қатар жүретінін және бұл біздің Қазақстанның ақпараттық кеңістігін де қамтитынын түсіну керек”.

“Зюганов өзін қазіргі үкіметке оппозициялық партия ретінде танытатын Ресей Федерациясының Коммунистік партиясының жетекшісі. Оппозиция, өздеріңіз білетіндей, әрқашан қазіргі биліктің ресми ұстанымынан ерекшеленетін, тіпті қайшы келетін пікірді ұстанады. Оның үстіне Зюгановтың сөзін Ресейдің бірде-бір арнасы көрсеткен жоқ. Президентіміздің Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресейдің Қазақстанға аумақтық талаптары жоқ екені расталды”,- деді сыртқы істер министрі. 

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер