9 наурыз: Сталинді жерлеу рәсімінде 400 адам көз жұмған

7740
Adyrna.kz Telegram

1953 жылы 5-наурызда қанішер, жауыз, тиран Сталин көз жұмды. Оны жерлеу рәсімі 9-наурызға белгіленіп, оған дейін халықтың қоштасуына мүмкіндік берілді.

Тірі күнінде миллиондардың жанын алған тиран, өліп жатса да мыңдаған адамның өліміне себепкер болды.

Тиранмен қоштасуға қанша адам келгені нақты белгісіз. Деректер бірнеше миллион дейді. Сталиннің мүрдесін көруге келген халықтың көп болғаны соншалық, Мәскеуде сұмдық қысым(давка) болды. Адамдар бір-бірін қысып, қырылып жатты.

Деректерде 450 адам өлген делінеді. Алайда тарихшылар кемі 3000 адам көз жұмғанын айтады. Қысылып, көз жұмғандарды түнде аула сыпырушылар мен сарбаздар жинап, апарып көміп тастады.

Тек кейбіреулерінің денесін ғана моргтан туыстарына беріп, өлім себебін "жүрек талмасы" деп көрсетe салды.

КСРО-да бұл оқиға жайлы айтылмады. Жабық тақырып болды. Алайда Сталиннің жерлеу рәсімінде болған жандар ол оқиға жайлы өз естеліктерін қалдырған. Оны интернеттен тауып, оқи аласыздар. Ондай естеліктер өте көп.

Мысалы сондай бір естелікте былай делінеді:

"Біз көп ғимаратты үйде тұрдық. Сол күндері үйімізден шыға алмай қалдық. Себебі есікті ашу мүмкін емес еді. Халық өте көп болды. Сол күндері біз қатты қысымнан(давка) ыңырсып, өліп жатқан адамдардың дауысын естідік. Тіпті сықырлап сынған сүйек даусын естігендер де бар".

Сталинді жерлеген 9-наурыздың өзінде ғана 300-ден астам адам көз жұмған.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Пікірлер