Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасынан тікелей эфирге шығып, Украина халқына қарсы соғысуға құлықсыз екенін жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы orda.kz-ке сілтеме жасап.
– Мен Украинадағы қару-жарақты көргенде таң қалдым. Соншама қаруды таратып берген халыққа. Сондықтан, біз Украинаға және Украина халқына қарсы соғысқымыз келмейді, – деді ол.
Әлеуметтік желіде жарияланып жатқан тікелей эфирден алынған сөздің тұтас мағынасы әлі жарияланбады. Бұл жерде Қадыров халыққа қарсы оқ атқысы келмейтінін айтқан болуы ықтимал.
"Адырна" ұлттық порталы