Мәжіліс депутаттары Шымкент жастарымен кездесті

1967
Adyrna.kz Telegram

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракция мүшелері Оспанов Берік Серікұлы, Бекжанов Берік Айдарбекұлы, Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлы, Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы Шымкент қаласының жастарымен кездесті.

Өңірімізге іссапармен келген мәжіліс депутаттары жастармен еркін форматта кездесті.

Кездесу барысында өңірлерді аралаудағы негізгі мақсат – бүгінгі таңдағы жастар арасындағы басты мәселелерге құлақ асып, жастардың білім алуына барынша жағдай жасау керектігін жеткізді.

Халық қалаулылары қолға алынған ауқымды бастамаларды іске асыруда жастардың ерекше маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының игі істері - барша елдің мүддесі үшін жасалып жатқанын жеткізді.

Осы және өзге де ауқымды мәселелерді қамтыған кездесу өзара сұрақ-жауапқа ұласып, жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауаптар алып, ұсыныстарын жеткізді.

Онда жастарға арналған тұрғын үй бағдарламаларының шарттарын жастарға тиімді етіп өзгерту жолдары айтылды. Яғни, бағдарлама шарттарында көрсетілген қалада 2 жыл тіркуде болуы және қала аумағындағы жастардың жалақысы төмен болғандықтан айлық есептік көрсетешті төмендету, жас мөлшерін 29 дан 35 жасқа ұлғайту мәселелері бойынша сұрақтар қойылды. Мәжіліс депутаттары бұл мәселелерді парламентте ұсынып шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді. Сонымен қатар студенттер техникалық мамандықтардың степендиясын көтеру мәселелері бойынша ұсыныстарын айтып өтті.

Пікірлер