Зеленский: Гостомельге жаудың десанты түсті, оның көзін жоямыз

3360
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/164811c1-8fe1-4d21-ba16-d4a025775f68-960x500.jpeg?token=a7fc15901276d25f72e2831c1aeca117
Владимир Зеленскийдің украин халқына айтқаны: - Украина армиясы, шекарашылар, полиция күштері мен арнайы қызмет жаудың шабуылын тоқтатты. Қақтығыс тілімен айтқанда, мұны операциялық үзіліс деп атауға болады. - Біздің Қарулы Күштеріміз Донбасста тамаша жұмыс атқаруда. Сарбаздарымыз Харьков бағытында қаланы сенімді түрде қорғап тұр. - Ең проблемалық жағдай біз үшін оңтүстікте болып тұр. Біздің әскерлер Херсон қаласының маңында қызу ұрыстар өткізәп жатыр. - Елдің солтүстігінде жау Чернигов облысында баяу алға жылжуда, бірақ оны ұстап тұратын күштеріміз жеткілікті. - Житомир облысында қорғаныс сенімді түрде қойылды. Жаудың Гостомельге десанты түсірілуде, әскеріміз оларды жою әрекетін жасауда.

“Адырна” ұлттық порталы

Комментарии