Дархан Жазықбаев: Өткен жылы 265 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

2055
Adyrna.kz Telegram

Өткен жылы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуы үшін 720 тексеру жүргізілді.

Жіберілген заң бұзушылықтар үшін 265 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбаев кеңейтілген Алқа отырысында айтты.

Сондай - ақ, 107 әкімшілік іс қозғалды, олардың нәтижелері бойынша 99 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызметшілер арасында қабылданған қызметтік әдептерді бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әдеп жөніндегі кеңестермен 176 отырыс өткізілді, онда 1129 мәселе қаралды.

Әдеп жөніндегі кеңестердің отырыстарында қаралған мәселелердің 48%-ы тәртіптік іс болып табылады.

Агенттік төрағасының айтуынша әдеп жөніндегі кеңестердің құрамын қалыптастыру кезінде мемлекеттік қызметтен хабары бар адамдарды, білікті, көрнекті азаматтық қоғамның өкілдерін, мемлекеттік қызметшілерді, депутаттарды да қосу қажет.

Сондай-ақ, халықтың Әдеп жөніндегі кеңеске сенімін арттыру үшін, азаматтарды қабылдау жұмысының ашықтығына ерекше назар аудару керек.

«Қоғамда Әдеп жөніндегі уәкілдер институты туралы жағымды пікір қалыптастыру үшін «Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық конкурсы өткізілді. Конкурс қорытындысына сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкілдердің рейтингі қалыптастырылып, Агенттіктің сайтында орналастырды. Алдағы уақытта да Әдеп жөніндегі уәкіл қызметін тұрақты үйлестіру қажет», - дейді Дархан Жазықбаев.

Агенттік төрағасы сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге қатысты БАҚ-та жарияланған сыни материалдарға мемлекеттік органдардың жауап беруін бақылау, қоластындағылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін басшылардың жауапкершілігіне мониторинг жүргізу Агенттіктің үнемі назарында екенін айтты.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер