Қырғыз президенті: Ресей Донбасстағы өз азаматтарын қорғауға мәжбүр болды

5072
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қандай да бір мемлекетті мойындау кез келген егеменді елдің өз құқығы деп, Ресейдің ДХР мен ЛХР-ды мойындауы туралы өз ұстанымын айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sputnik агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ол Украинаның шығысындағы жағдайдың дамуын алаңдаушылықпен бақылап отыр.

"Донбасс төңірегіндегі жағдайды үнемі бақылап отырамын. Қырғызстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қолдауына ие болған қақтығысты реттеу жөніндегі жалғыз құжат, Минск уағдаластықтарын сақтау қажеттілігін негізге алады. Өкінішке орай, олардың орындалмауы қазіргі қиын жағдайға әкелді", - деп жазды Жапаров Facebook-те.

Ол жағдай тек бейбіт дипломатиялық жолмен шешілетініне сенім білдірді.

"Адам өмірі - ең құнды нәрсе. Жанжал одан ары ушығып кетпес үшін, жағдайды реттеу кезінде барынша сақтық пен ұстамдылық танытуға шақырамын. Мүмкін, бұл көптеген Ресей азаматтары тұратын Донбасстың бейбіт тұрғындарын қорғау үшін қажет болған шығар. Қандай да бір мемлекетті мойындау кез келген елдің егеменді құқығы екенін атап өткім келеді", - деп атап өтті Жапаров.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер