11 жылдық математика: Қазақстан мен өзге ел оқулықтарындағы айырмашылықтар

5142
Adyrna.kz Telegram

Кеше математиктер съезіне байланысты бір топ математик министрмен кездестік. Асхат Қанатұлы бағдарламада кеткен қателіктерді біліп отырғанын,  11 жылдық бағдарламаны қайта жасап шығуға тапсырма бергенін айтты. Кездесуде біраз ұсыныстарымызды айттық. Бұл жерде менің айтайын деп отырғаным ол емес.

 Математика 1-11 сыныпқа дейін өтілетін ең маңызды пән екенін білеміз. Ал соның ішінде бастауыш математикасы барлық адамға қажетті негізгі таған екені түсінікті. Осыған байланысты бірнеше шәкірттерімізбен бірге Қазақстан бастауыш математикасы мен әлемдегі кейбір елдердің математикасы арасындағы айырмашылықтар туралы 3-сынып бағдарламасын негізге ала отырып, зерттеп көрген едік.

Алдымен өзіміздің бастауыш математика бағдарламасыныа қысқаша тоқталып өтейін.

Бастауыш математикасының қазіргі жағдайын баласы бастауыштағы ата-ана мен бастауыш сынып мұғалімдері жақсы түсінеді.

Аталмыш "Спиралды (ширшық) оқыту" бойынша бастауыш математика бағдарламасы мына бес бөлімнен тұрады.

1) Сандар мен шамалар, 2) Алгебра элементтері, 3) Геометрия элементтері, 4) Жиындар. Логика элементтері, 5) Математикалық модельдеу. Және бұл бес бөлім 1-, 2-, 3-, 4-сыныптада бар. Сол қайталанып келе береді.

Мысалы «Жиын» мазмұны 1-сыныптада, 2-, 3-, 4-сыныптада кездеседі. 1-сыныпта «бос жиын» ұғымы беріледі ауелі. Ал әлем елдерінің ешқайсысында да бастауышта «Жиын» жоқ екенін байқадық.

Бағдарлама авторларымен де кездесуде осы мәселені айтып, мойындата алмап едім.

3-сыныптарда математика аптасына 5 сағат, оқу жылында 170 сағат.

C1C60BA2-2C42-43FD-A528-F772A6D79C8F.jpg

 3-сынып бойынша бағдарлама мен оқулыққа зерттеу жұмысы

I. Білім беру бойынша әлемдік рейтинг

II. 3-сынып бойынша әртүрлі мемлекеттердің бағдарламасы:

A. Сингапур

B. Ресей

C. Өзбекстан

D. Беларусь

E. Қытай

F. Финляндия

III. Қазақстанның 3-сыныпқа негізделген оқу бағдарламасы мен оқулықтардың арасындағы байланыс.

 Білім беру бойынша әлемдік рейтинг.

Дүниежүзілік Экономикалық Форум жүргізген  “The Global Competitiveness Report” зерттеу жұмысы бойынша мемлекеттердің бастауыш білім беру деңгейінің рейтингі құрылған болатын (2018 жыл).

Мемлекет

Индекс

1

Финляндия

6.7

2

Швейцария

6.2

3

Сингапур

6.2

4

Нидерланды

5.9

11

АҚШ

5.5

38

Қытай

4.7

41

Оңтүстік Корея

4.6

50

Ресей

4.4

68

Қазақстан

4.0

 3-сынып бойынша әртүрлі мемлекеттердің бағдарламасы.

Сингапур

Жалпы мәлімет:

● Бастауыш 6 мен 12 жас аралығын, орта буын 12 мен 17 жас аралығын қамтиды. 6 сыныптан кейін емтихан тапсырады.

● Орта буын 4 жылды қамтиды, одан кейін емтихан тапсырылады.

● Жалпы оқу ұзақтығы-10 жыл.

Сағат саны: аптасына 4 сағат, оқу жылында-136 сағат.

Бір тақырыпты жазудағы қолданылатын шаблон:

- Негізгі математикалық тұжырымдамалармен танысу әрқашан көрнекі мысалдан басталады.

- Оқушылар кітаптағы және жұмыс дәптеріндегі есептерді шығару арқылы түсінгендерін бекітеді.

- Кездесетін қайталау есептері оқушының сол тақырып туралы білімін қайта шолу емес, одан сайын тереңдету үшін беріледі.

Өтілетін жалпы тақырыптар:

Сандар мен алгербра элементтері:

A. Бүтін сандар:

a. 10 000-ға дейінгі сандар (жазылуы, өмірдегі қолданысы, салыстыру)

b. Төрт таңбалы сандарға дейінгі сандарды қосу мен азайту  (ауызша/жазбаша)

c. 6-9  сандарының көбейту кестесі. Қалдықпен бөлу

B. Бөлшек сандар

a. Бірдей бөлшектер

b. Бөлшектерді қысқарту

c. Бөлімі 12-ден аспайтын бөлшектерді салыстыру

d. Бөлшектерді қосу мен азайту

C. Ақша

a. $1000-дың $100*10 тең екеніне түсіну. Амалдар орындау

Өлшем бірлік пен геометрия:

A. Ұзындық

B. Масса

C. Көлемді миллилитр арқылы көрсету

D. Уақыт

Аудан:

A. Тіктөрбұрыштың/шаршының ауданы, өлшем бірлігі

B. Бұрыш, түрлері

C. Перпендикуляр, параллель ұғымдары

Статистика:

A. Мәліметті оқи білу

Қазақстанның оқу бағдарламасымен айырмашылығы:

● Логика жоқ

● Үшбұрыштың ауданы өтілмейді

● Шеңбер, дөңгелек өтілмейді

● Нүктенің координатасы өтілмейді

● Жиын жоқ

● Кеңістіктегі фигуралар жоқ

● Бөлшектерді қосу мен азайту, салыстыру өтіледі

● Статистика туралы ұғым қалыптасалы

● Параллель, перпендикуляр ұғымы енгізіледі

Ресей

Жалпы мәлімет:

● Мектепке қабылдау 7 жастан басталады. Бастауыш-алғашқы 3 немесе 4 сынып, орта буын- 9-сыныпқа дейін, жоғарғы буын-10 немесе 11 сынып. 

● Жалпы оқу бағдарламасы.

● Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта – 33 оқу аптасын, 2-4-сыныптарда 35 оқу аптасын құрайды. (статья 13 ФЗ «Об образовании»).

● Бастауыш мектептегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 1-сыныптар үшін 21 сағаттан, 2-4 сыныптар үшін 23 сағаттан аспайды.

Сағат саны:

- Аптасына 4 сағат, оқу жылында –136 сағат;

Бір тақырыпты жазудағы қолданылатын шаблон:

- Теориялық мәлімет көп кездеспейді.  

- Есеп шығаруды оқушы берілген алгоритмдерге сүйене отырып үйренеді. Алгоритмдердің түсіндірмесі мысалдардан кейін беріледі.

- Есептер саны 6-8 аралығында.

- Өткенді пысықтауға арналған 2-нұсқалық өздік жұмыстары, 30-есептік қайталау сабақтары бар.

Өтілетін жалпы тақырыптар:

1-бөлім.

A. Қосу мен азайту (жалғасы)

B. Теңдеулерді шешу

C. Геометриялық фигураларды әріптермен белгілеу

D. Көбейту мен бөлу (жалғасы)

E. Амалдарды орындау тәртібі

F. Кестелік көбейту мен бөлу (жалғасы)

G. Аудан. Аудан өлшем бірліктері

H. 1-ге көбейту. 0-ге көбейту. Нөлді санға бөлу

I. Үлес

J. Шеңбер мен дөңгелек.

K. Уақыт өлшем бірлігі.

2-бөлім

A. Кестеден тыс көбейту мен бөлу

B. Қалдықпен бөлу

C. Нөмірлеу (разрядтар бойынша)

D. Масса өлшем бірлігі

E. Ауызша амал орындау тәсілдері

F. Жазбаша амарл орындау тәсілдері

G. Калькулятормен танысу

Қазақстанның оқу бағдарламасымен айырмашылығы:

● Кітаптары 2-бөлімнен тұрады. Әр кітап 113 беттен.

● 1 000 000-ға дейінгі сандар өтілмейді, тек 1000-ға дейін

● Мүмкіндіктер тармағы өтілмейді

● Жиын өтілмейді

● Санның квадраты/кубы өтілмейді

● Симметриялы фигуралар өтілмейді

● Үшбұрыштың ауданы өтілмейді

● Нүктенің координатасы өтілмейді

● Кеңістіктегі фигуралар өтілмейді

 Өзбекстан

Жалпы мәлімет:

● Бастауыш-алғашқы 1-4 сынып, орта буын- 5-9-сыныпқа дейін. 2019 жылға дейін 9-жылдық оқу үрдісі болаған, кейін 11-жылдыққа көшті.

Сағат саны:

- Аптасына 5 сағат, оқу жылында–170 сағат;

Бір тақырыпты жазудағы қолданылатын шаблон:

- Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін алдымен мысал келтіріліп, оқушыға сол мысалға негізделген ереже ұсынылады. Сонымен қатар, кейбір тақырыптарда тек есеп шығару үлгісін көрсету, тек ережені беру методикасы қолданылған.

- Тақырыпты меңгеруге арналған қанша сағат саны болса, сонша сабақ саны бөлінген.

- Есеп саны 6-8 аралығында, әрбір 2 соңғы есеп үйде орындалатын жаттығулар деп белгіленген. Олар өтілген тақырыпқа байланысты немесе өткенді қайталауға арналған.

Өтілетін жалпы тақырыптар:

2-сыныпта өтілетін тақырыптарды қайталау

A. Екі және үш таңбалы сандарды қосу мен азайту, қосу мен көбейтудің қасиеттері

B. Нөл және бір сандарымен көбейту

C. Санның бөлігін/бөлігі бойынша санды табу

D. Комбинаторика мен логика

Кестеден тыс көбейту мен бөлу. Геометриялық фигуралар.

A. Әртүрлі типтегі сандарды көбейту мен бөлу

B. Қалдықпен бөлу

C. Бөлгіш пен еселіктер

D. Үшбұрыштардың түрлері

E. Кесіндіні, дөңгелекті, көпбұрыштарды бірдей бөліктерге бөлу

10 000 көлеміндегі сандарды нөмірлеу. Өлшем бірліктер.

A. Төрт таңбалы сандар

B. Тарихи деректер, римдік санау жүйесі

C. Ұзындық, масса өлшем бірліктері

Математикалық өрнектер. Теңсіздіктер. Геометриялық фигуралар.

A. Әріпті өрнектер

B. Ақиқат жалған пікірлер

C. Параллель/перпендикуляр

D. Осьтік симметрия

Бөлшетер. Жай ондық бөлшектер.

A. Дұрыс/бұрыс бөлшектер; бөлшектерді салыстыру; бөлшектерге амалдар қолдану; ондық бөлшектер (+-)

B. Аудан өлшем бірлігі

C. Календарь

D. Бұрыштың градусы

E. Фигураларды бұру

F. Кеңістіктегі фигуралар

Қазақстанның оқу бағдарламасымен айырмашылығы:

● Бір 206-беттік кітаптан тұрады

● Бөлшектер (ондық, жай, дұрыс, бұрыс, оларға амал қолдану мен салыстыру) өтіледі

● Кіші немесе тең, үлкен немесе тең өтіледі

● Конус өтіледі

● Фигураларды градус бойынша бұру өтіледі

● Бұрыштардың түрлері өтіледі, градустық өлшеммен

● Параллель, перпендикуляр ұғымдары беріледі

● Күнтізбемен жұмыс жасау өтіледі

● Тарихи деректер беріледі, сандар қалай пайда болды

● Бірдей бөліктерге бөлу өтіледі

● Ақиқат пен жалған пікір өтіледі

● Бөлгіш пен еселік ұғымы енгізіледі

● Жиын өтілмейді

● Санның дәрежесі өтілмейді

● Нүктеннің координатасы мен қозғалыс бағыты өтілмейді

Беларусь

Жалпы мәлімет:

● Мектепке қабылдау 6 жастан басталады.

● 1-4-бастауыш, 5-9-орта буын, 9-11-жоғарғы буын.

● 12 жылдықты енгізгізі келді, бірақ енгізбеді

Сағат саны:

- Аптасына 4 сағат, оқу жылында–140 сағат;

Бір тақырыпты жазудағы қолданылатын шаблон:

- Кейбір тақырыптардың түсіндіру құралы-мысалдар. Олар оқушы үшін жаңа материалмен танысудағы ойлау үлгісі болып табылады.

- Кітаптың екі бетіне бір тақырып арналады, сол себепті есеп санының аз-көптігі берілген теория көлеміне байланысты. Есеп саны көп болған жағдайда олардың бәрі тақырыпқа байланысты емес болуы мүмкін, көбінесе өткенді қайталауға арналған үйде орындалатын тапсырмалар.

Өтілетін жалпы тақырыптар:

A. Екінші сыныпты қайталау

a. 100- ге дейінгі сандарды ауызша, жазбаша қосу және азайту

B. Көбейту мен бөлу, оның қасиеттері

C. Кестелік көбейту

D. Геометриялық фигураларды әріптермен атау

E. Бұрыштардың түрлері

F. Амалдарды орындау тәртібі

G. Үлес, үлестерді салыстыру

H. Санның бөлігін, бөлігі бойынша санды табу

I. Теңдеу

J. Қалдықпен бөлу

K. Аудан, оның өлшем бірліктері

L. Үш таңбалы сандар, разряд, салыстыру, көбейту мен бөлу

M. Құн

N. Жылдамдық

O. Масса өлшем бірліктері

P. Уақыт өлшем бірліктері

Q. Алшақтау, кездесуге берілген есептер

Қазақстанның оқу бағдарламасымен айырмашылығы:

● Екі кітаптан тұрады

● Бұрыштардың түрлері өтіледі

● Жылдамдық, алшақтау, кездесуге есептер беріледі

● Логика жоқ

● Жиын жоқ

● Кеңістіктегі фигуралар жоқ

● Квадрат, куб ұғымы жоқ

● Шеңбер, дөңгелек ұғымы жоқ

● Симметрия жоқ

Қытай

Жалпы мәлімет:

● 6-жастан бастап мектепке қабылдайды

● 12 жылдық білім беру формасы

● 1-6 сынып-бастауыш, 7-9 сынып-толық емес орта мектеп, 10-12 сынып-орта мектеп

 Сағат саны: Аптасына 5 сағат, оқу жылында–210 сағат;

Бір тақырыпты жазудағы қолданылатын шаблон:

- Материалмен таныстыру оқушылардың тақырыпты қалай пайымдау керектігіне байланысты беріледі. Мысалы, есептің шығару үлгісін түсіндіру екі баланың арасындағы диалог болып табылады.

- Тақырып туралы жалпы түсінік беру үшін комикс типтес суретті жағдаяттар қолданылады.

- Есеп санының орташа мәні 10.

Өтілетін жалпы тақырыптар:

A. 100-ге дейінгі сандарға амалдар қолдану

B. Көбейту мен бөлу

C. Сөз есептер

D. Ұзындық

E. Аудан

F. Масса

G. Кеңістіктегі фигуралар

H. Пиктограмма, статистикалық диаграммаларды оқи білу

I. Уақыт

J. Үлес, оларды салыстыру

K. Ондық бөлшектер

L. Орналасу

Қазақстанның оқу бағдарламасымен айырмашылығы:

● Жиын жоқ

● Санның квадраты, кубы жоқ

● Шеңбер, дөңгелек өтілмейді

● Ондық бөлшектер, амалдар қолдану

Финляндия

Жалпы мәлімет:

● Мектепке 7 жастан бастап қабылдайды.

● 1-6 сынып-бастапқы төменгі буын, 7-9 сынып-жоғарғы буын. 10-сыныпта олар бағаларын жақсарта алады, 11-12-сыныпта колледжге түсе алады немесе оқуын лицейде жалғастыра береді.

● 3-ші сыныптар үшін оқу жылы 22 апта.

Сағат саны:

Бір тақырыпты жазудағы қолданылатын шаблон:

Өтілетін жалпы тақырыптар:

Қазақстанның оқу бағдарламасымен айырмашылығы:

 Қазақстанның 3-сыныпқа негізделген оқу бағдарламасы мен оқулықтардың арасындағы байланыс.

● Кітаптағы кейбір тақырыптардың реті бағдарлама бөлімшелерінің ретіне  сәйкес келмейді.

● Оқулықтың көптеген тақырыптарында берілген тақырыпқа қатысты емес немесе басқа тақырыптардың есептері кездеседі.

Мысалы:

1-бөлім. А. 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту.

1-тақырып. 1000 көлеміндегі сандар: 8-есеп (баған түрінде екі таңбалы сандарды қосу және азайту), 9-есеп (мәтін есеп, бір таңбалы сандарға амалдар қолдану арқылы) (6-бет)

3-тақырып: 7-есеп (әріпті өрнек) (11-бет)

4-тақырып: 7-есеп (қатысты емес) (13-бет)

5-тақырып: 5-есеп (әріпті өрнек) (15-бет)

7-есеп (екі таңбалы және бір таңбалы сандарды қосу) (15-бет)

7-тақырып: 6-есеп (теңдеу) (21-бет)

8-есеп (қатысты емес) (21-бет)

9-тақырып: 7-есеп (қатысты емес) (26-бет)

10-такырып: 7-есеп (қатысты емес) (28-бет)

11-тақырып: 6-есеп (қатысты емес) (30-бет)

 7-есеп (амалдар орындау тәртібі) (30-бет)

● Оқулықта келесі тақырыптар жоқ  (басқа тақырыптарда есеп түрінде ғана беріледі):

1-бөлім. А. 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту.

Санды және әріпті өрнектер

○ 3.2.1.1 бір/екі әрпі бар әріпті өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу; 3.2.1.2 әріптердің берілген мәндерінде екі әрпі бар әріпті өрнектің мәнін табу (бағдарламада берілген оқу мақсаттары)

Теңдік және теңсіздік. Теңдеу.

○ 3.2.2.1 қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу (бағдарламада берілген оқу мақсаттары).

 Авторлар:

Ырысбек Мәуіт,
Аружан Маликова,

Жадыра Омарова
Маржан Рахимжан

Пікірлер