Тұрғымбаевтың отставкаға кетуін талап етушілер саны көбейіп, петиция жарияланды

10092
Adyrna.kz Telegram

Ғаламторда ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қызметінен босатуды талап ететін петиция жарияланып, желі қолданушылары #азаптаудытоқтат хэштегімен наразылық акциясы бойынша ұсталғандарды азаптаудың тоқтатылуын және жазықсыздардың жазаланбауын жаппай талап етуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Петицияға қазірге дейін 1836 адам қол қойған.  Аталған петиция авторы барлығы 100 мың адамның қолын жинауды мақсат еткен. Оның айтуынша, азаптауға, түрлі заңсыздықтарға жол берген ІІМ министрі Ерлан Тұрғынбаев отставкаға кетуі тиіс.

- 06.01.2022 жылы кешкі уақытта «Халық террорист емес» деген үлкен жазумен алаңда тұрған бейбіт халыққа ескертусіз оқ атылды деген шағымдар мен хабарламаларды, дәлелдерді жіті тексеру қажет. Дәлелденген жағдайда бейбіт халыққа оқ атқандар қылмыстық жауапқа тартылуы керек. Сондай-ақ, 07.01.2022, 08.01.2022 жылы өлтірілгендердің қандай жағдайда, кімнің қолынан қаза тапқандарын толық анықтау керек. Ауыр қылмысқа қатысы жоқ митингке қатысқандардың бәрін түгелдей бостандыққа шығару керек, – делінген петицияда.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер