Жәмішев "Қазақстан халқына" қорының қызметкерлері 587 мың жалақы алатынын мәлімдеді

7788
Adyrna.kz Telegram

"Қазақстан халқына" қорының басшысы Болат Жәмішев бас-аяғы 24 адамды құрайтын атқару кеңесінің мүшелері орта есеппен 587 мың теңге жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қор басшысы біреулер 587 мың теңгені тым жоғары жалақы деп санауы мүмкін екенін де атап өтті.
"Алайда бұл елдегі орталық мемлекеттік органдардағы әкімшілік қызметкерлердің еңбекақысымен бірдей. Біз бүкіл министрлікке қарама-қарсы жолдың бетінде отырмыз. Сондықтан әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердікімен тең болатын жалақы ұсынбасақ, ешкім бізге жұмысқа келмейді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарда сыйақы қарастырылса, біз бюджетке сыйақы енгізген жоқпыз", - деді Болат Жәмішев.
Алдағы уақытта Жәмішев қор қаражатын барынша үнемдеуге тырысатынын мәлімдеді. Мәселен, түрлі компаниялар кеңсе, компьютерлер, автокөлік, электронды құжат айналымына арналған портал мен жүйені тегін ұсынған.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер