Ресей қаңтар оқиғасының алдын-ала дайындығын біліп отырған

1268

Ресейдің Сыртқы барлау қызметінде (СВР) Қазақстанда қаңтардағы оқиғаға дайындық туралы ақпарат болған.

Бұл туралы Сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкин «Московский комсомолец» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Orda.kz сайтына “Адырна” ұлттық порталы сілтеме жасап.

«Әрине болды. Біріншіден, Сирияда талқандалған ДАИШ бандыларының содырлары және басқа да лаңкестік топтардың Орталық Азия мемлекеттеріне қол созғаны туралы. Бұл біз үшін де, осы мемлекеттердің арнайы қызметтері үшін де құпия емес еді. Мұндай қозғалыстың кімнің қамқорлығымен болғаны да белгілі болды. Бұған аймақтың барлық мемлекеттері алаңдаушылық білдірді. Біз бұл ақпаратты Қазақстандағы және ҰҚШҰ-ға мүше басқа мемлекеттердегі әріптестермен бөлістік» деді Нарышкин.

Оның айтуынша, Қазақстандағы оқиғалар деструктивті саяси күштердің экономикалық ұрандармен бейбіт наразылық акцияларын қалай тез және жоспарлы түрде пайдаланып, әртүрлі «түрлі-түсті революциялар» жасауға тырысатынын анық көрсетті.

«Бұл күштер барлық бағыттағы содырларды қолданудан бас тартпайды. Олардың басшылығы 2014 жылы Украинада анық көрсетілген ішкі саяси жағдайды шайқаудың стандартты схемалары бойынша жүзеге асырылады» деді РФ Сыртқы барлау қызметінің басшысы.

Оның пайымдауынша, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің іс-әрекеті жедел және жауапты шешімдердің қалай қабылданатынын көрсетті.

«Экстремистік және лаңкестік топтар мен ұйымдар тарапынан қауіп сейілген жоқ. Содырлар мен олардың жетекшілерінің бай тәжірибесі бар, қаржы және қару-жарақпен қамтамасыз ету жалғасуда. Сондықтан аймақтағы жағдайды тұрақты бақылау және лаңкестік қауіпке қарсы тұру үшін тартылған мемлекеттердің арнайы қызметтерінің бірлескен тынымсыз күш-жігері қажет» деді Нарышкин.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket