«Ақ жол»: Жұмыспен қамтудың күмәнді бағдарламаларының орнына кәсіпкерлікті қолдау керек

1452
Adyrna.kz Telegram

9 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

 «Ақ жол»: Жұмыспен қамтудың күмәнді бағдарламаларының орнына кәсіпкерлікті қолдау керек. Бұл туралы «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалында Мақсат Раманқұлов мәлімдеді.

 ҚР Премьер-Министрінің орынбасары

Е. Тоғжановқа

 Кешегі Үкімет отырысында Президент Қ. Тоқаев басты міндет азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру, табыстағы айырмашылықты жою, лайықты еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын құру болуы тиіс екенін атап өтті.

Ақ жол демократиялық партиясы мемлекеттік Жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімсіздігі мәселелерін бірнеше рет көтерді.

Әзірленген бағдарламалар мен ұсынылған әдістер жеткілікті жұмыс орындарын құру бойынша нәтиже берген жоқ. Бұл ретте осы мақсаттарға арналған шығыстар жылдан жылға ұлғаюда.

Мысалы: өткен 10 жылда халықты жұмыспен қамтудың бірнеше бағдарламасы әзірленді, оған 150 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды, бұл ретте жоспарланғаннан 4-5 есеге аз жұмыс орындары құрылды.

Жұмыс орындары осы шығындарға сәйкес құрылып жатқан, көбінесе уақытша жұмыс орындары құрылып, жалақылардың төмендігі немесе басқа да критерийлерге байланысты халық үшін тартымсыз болып шығады.

"Еңбек биржасы" интернет-ресурсы еңбекақысы лайықты жұмыс ұсынбайды, шын мәнінде ақылға қонымды шешім ұсынбайтын электрондық ақпараттық ресурс болып табылады.

Жұмыспен қамтуды қолдау шараларын іске асыру мемлекеттік бағдарлама аясында жергілікті атқарушы органдары мен жұмыспен қамту орталықтары тарапынан мерзімді бұзушылықтардың болуы байқалады.

 Осылайша, ҚР Бас прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру кезінде орын алған бұзушылықтар анықталды.

100 мың адамнан (әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы) 80 мың қызметкер бойынша (жұмысқа орналасқандардың 80%-ы!) әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын олардың еңбегіне ақы төлеуге мемлекеттік субсидиялар алған жұмыс берушілер емес, жұмыспен қамту бағдарламасына қатыспаған үшінші тұлғалар жүзеге асырған.

Сондай-ақ, прокуратура адамдарды жалған жұмыспен қамтудың 1000-нан астам фактісін анықтағанын атап өткен жөн. Тіпті қайтыс болғандар да, басқа ұйымдардың қызметкерлері де жұмыс орындарына "жұмысқа орналастырылды" деген деректер бар.

Түркістан облысында Жұмыспен қамту орталығының басшылары мен полиция бастығынан тұратын қылмыстық топ 464 млн теңге ұрлаған.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасу кезінде жиі кездесетін проблемалар - бұл қызметкерлердің қабілетсіздігі, өтініш берушінің жұмысқа орналасуына қызығушылық танытпауы, бюрократия, ұзақ уақыт күту және үлкен кезек.

Мұның бәрі мемлекеттік бағдарламалардың беделін түсіреді және ел бюджетінің ақталмайтын шығыстарына әкеп соғады.

Егер біз нақты жұмыс орындарын ашқымыз келсе, онда шешім қарапайым – жаппай кәсіпкерлікті дамыту қажет, сол кезде әрбір адам мемлекеттен көмекті күтпей, өз ісін ашып, не өзінің жерлестері құрған шағын немесе орта кәсіпорынға жұмысқа орналаса алады.  

Сондықтан жұмыспен қамту бағдарламасы іс жүзінде ШОБ-ты дамыту, ұзақ және жеңіл кредиттердің қолжетімділігі, адал бәсекелестік және бизнестен бопсалауды жою жөніндегі шараларды қамтуға тиіс.

Жалған жұмысқа жұмсалған миллиардтаған қаражат бизнес салықтарынан жиналады, сондықтан бұл ақшаны кәсіпкерлерде қалдырған жөн, мүмкін олар бұл қаражатқа жаңа жұмыс орындарын құруға және қызметкерлердің жалақысын арттыруға баса назар аударуы мүмкін.

 Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Ақ жол партиясы келесілерді ұсынады:

1) жалпы жұмыссыздық мәселесін шешпейтін күмәнді бағдарламаларға мемлекеттік қаражатты жұмсауды тоқтату.

2) қаражатты жаппай кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасау, кредиттердің арзандауына және әкімшілік қысымның төмендеуіне жұмсау, мұның өзі ел экономикасының неғұрлым орнықты дамуына және халықтың жұмысқа орналасуына алып келеді.

3) барлық қолданыстағы мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларына ревизия жүргізу және азаматтарымызды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жөнінде неғұрлым ұтымды әрі пәрменді шаралар қабылдау.

 Құрметпен, "Ақ жол" фракциясының депутаттары

Пікірлер