Тәрбиеші баланы жалаңаштап, салқын бөлмеге қамап қойған

3694
Adyrna.kz Telegram

Павлодар қаласындағы Zerek bala балабақшасынан шу шықты. Тәрбиеші 1 жас 10 айлық баланы жалаңаштап, салқын бөлмеге қамап қойған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Экпресс К сайтына сілтеме жасап. 

Павлодардағы жеке балабақшада болған оқиғаға кінәлі тәрбиеші жұмыстан шығарылмады. Басты себеп – оның аяғы ауыр.

Әзірге тәрбиеші мен оның әріптесі уақытша жұмыстан шеттетілді.

Оларға қатаң сөгіс беріп, жұмыстан шеттеттік. Тәрбиешінің көмекшісі қызметіне сәйкес еместігі туралы бап бойынша шығарылды. Мен тәрбиешіні заң бойынша жұмыстан шығара алмаймын. Өйткені оның аяғы ауыр. Бірақ ол өз өтінішімен жұмыстан кететінін айтты,

— деді балабақша меңгерушісі Надежда Данковская.

Бұған дейін балабақша қызметкерлеріне қатысты басқа шағымдар түспеген. Ата-аналар тәрбиешілердің жұмысына сын айтпаған.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер