Шымкентте тасымалды су тұтынатын елдімекендер мәселесі толығымен шешілді

1762
Adyrna.kz Telegram

Бүгінде мегаполистегі 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 3 елдімекен суды кестемен (Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ) тұтынуда. Өткен жылы тасымалды су ішетін 7 елдімекеннің мәселесі толығымен шешілді.

Бұл жылы 4 нысанның (Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 2кезек, Нұртас ВС) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жыл соңында 11 мыңнан астам құрсайлық сапалы ауыз суға қол жеткізеді.
Одан бөлек, биылға Еңбекші ауданындағы жаңа құрылыс аумақтары мен Текесу елдімекенінің ішкі жүйелерін қайта құру жұмыстарын жүргізу қаралған. Нәтижесінде қаланың ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98-ден 99 пайызға өседі.
Ал, Сайрам мен Қайнарбұлақта құрылыс жұмыстары биыл басталып, келер жылы толығымен аяқталады. Нәтижесінде ауыз сумен қамтамасыз етудегі 100 пайыздық көрсеткіш орындалады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер