Халық 30 жыл бойы жерін ала алмай отыр

2397
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа;
ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеуге;
ҚР Парламенті мәжілісінің спикері Ерлан Қошановқа;
ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовке;
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановқа;
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Жанар Жайылғановаға

Бұл жиналған халық - Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы округінің жергілікті тұрғындары 30 жыл бойы өздерінің заңды мүдделеріне қолы жетпей, құқы тапталып, 30 жыл бойы есесі кетіп отырған халық. Жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар қызметінің әрекетсіздігі халықты 30 жыл бойы әуре-сарсаңға салып қойып, халықтың мүддесіне шешіп беруге құлық танытар емес. Алдағы уақытта да халықтың мүддесіне шешіп беретініне сенім жоқ. Халықтың жергілікті атқарушы органдардың, сот, прокуратура қызметкерлеріне деген сенімі абсолюно өлген. Халық арасында береке кеткен, сенім сетінеп, алауыздық жайлаған. Мұның бәрі жергілікті тұрғындардың өздеріне тиесілі жерлері болмағандықтан не кәсіп істей алмайды, не жұмыс көзі жоқ, не үй салатын жері жоқ. Әрине, мұндай жағдайда қалған халықтың зар-мұңы ауыр болатыны заңдылық. Бұл жағдайлардың орын алғанына халықтың жерін халықтың өзімен санаспай, 2010 жылы елге белгісіз «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына жеке меншік құқықпен өткізіп жіберген Қазығұрт ауданының әкімдігі кінәлі. Әкімдік халықтың 17000 гектарға жуық жер телімдерін халыққа белгісіз корпорацияға жекеменшік құқықпен табыстап жіберген. Сөзіңіз бар ма!?

Бұл сіздерге айтып отырған жағдаяттардың ең бергі шеті ғана. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы октугінің 17 000 гектарға жуық жер телімдері Қазығұрт ауданы әкімінің 16 сәуір 2010 жылғы № 153 қаулысымен «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына халықтың келісімінсіз беріліп кеткен. Соңында «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы банкорт деп жабылып, Алтынтөбе ауылы округінің жер телімдерін өзге мекемеге өткізіп жібереді. 2010 жылдан бері жер телімдері халыққа аты мен заты белгісіз
1. «Оңтүстік» ӘКК АҚ-сы
2. «Шымкент күрделі құрылыс» ЖШС-сі
3. «Шымкент» ӘКК АҚ-на
4. «Түркістан» ӘКК АҚ-на
өтіп кеткен.

Жергілікті тұрғындар жылдар бойы табанынын тозып, сан рет жерін сұрап барады. Бірақ, корпорация өкілдері сылтаудан өзге нәрсе айтпай, тұрғындарды алдап, талай құйтырқылықтарды іске асырады. Бір қызығы, корпорацияның аты мен заты да, мамандары жиі ауысып, жерін даулап барған жұртшылықты табанынан тоздырады. Ешкім жауапкершілікті мойнына алмайды. Бар айтары – біздің кезімізде емес, басқа мамандардың кезінде іске асқан деген желеумен құтылып отырды.
Кешегі қызыл империя Кеңестер одағы ыдырап, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі, аудандарындағы ауыл округтеріндегі совхоздар мен колхоздар, шаруашылықтар тарап, жергілікті халыққа өздеріне тиесілі жер үлестері беріліп жатты. Ал, шаруашылықтар тарап, Қазақстанның түкпір түкпіріндегі елдің бәрі үлестерін алып жатқанда, Алтынтөбе ауылы округінің халқы тозаңдай да үлесін ала алмады. Басшы болған адамдар шаруашылықты талан-таражға салып тонап кетті. 1991-1993 жылдардағы тоқырауда осы ауыл округінің халқы басынан өте ауыр тұрмыстың тауқыметін өткізді. Бір бөлке нанға қолы жетпей, дүкендерде ұзын-сонар кезекте тұрды. Осы қиыншылықтың бәрі тұрғындардың шаруашылықтан үлесін ала алмағандықтан болды. Бірақ бұл округтегі халықтың әлеуметтік ахуалына бір де бір басшының басы ауырмады.

Колхаздар мен совхоздар тарап жатқанда Алтынтөбе шаруашылығы таратылмай, халыққа өзінің жері мен жердің көк қағазы берілмей, шаруашылық бұрынғы Кеңес үкіметі кезіндегі кеңшар сияқты қалпында қалды. Бірақ ешқандай да мүлкі қалмай, талан-тараж болып тоналып кеткен болатын. Біздің кеңшар таратылмайды, баяғы Кеңес одағы кезіндегідей сақталады деп, жергілікті әкімдіктегі басшылар оның жеріне тас кенедей жабысты. Оны таратпағанының себебін біз кейіннен түсіндік. Ештеңесі де қалмаған Алтынтөбе халқының соңғы несібесі – жерін сорып, қалталарын толтыру мақсатында таратпай ұстап отырған. Осы жиналып тұрған халық кезінде шаруашылықтан өзінің үлесін ала алмады, ал, соңынан жерінен айырылып тағы да зардап шекті. Тасбауыр басшылықты халықтың жерім деген зар-мұңы қызықтырмады. Ал, қазіргі басшылығы да дәл бұрынғы басшылар сияқты халықтың жер үлесін өзіне қайтрғысы келмейтін тасбауырлар болып отыр.

Халықтың жері әкімдікпен сыбайлас лоббисттердің қолына өтіп кеткен. Алтынтөбе ауылы округінің жерлері Қазақстан Республикасындағы ең құнарлы, ең шұрайлы, таулы аймақтардағы өнім беру коэффициенті бойынша елде жетекші орынға ие. Сондықтан да облыс пен ауданның басшылығындағы жоғары қызметтегі адамдар бұл жерді барын салып, халықтан тартып алып келді. Жердің құнары бұзылып, эрозияға ұшырағанына қарамай пайдаланып келді. Мұның бәріне дәлел болатын құжаттарымыз жеткілікті.

Бұрынғы Кеңес үкіметі кезіндегі Алтынтөбе шаруашылығының жер телімдері Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жекешелендіру (приватизация) жылдары «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 Заңы негізінде халыққа таратылып берілуі тиіс болатын. Жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар, прокуратура органдары бұл процесті жекешелендіру заңы негізінде жүзеге асырмады. ҚР Үкіметі мен Бас Прокуратура да біздің округтің мүлкі мен жерлерінің жергілікті халыққа таратылуын заң жүзінде қадағалауға алмады. Сол уақыттағы кеткен ағаттықтың салдары қазіргі кезде Алтынтөбе ауылы округінің тұрғындарының берекесіздігіне алып келіп отыр.

Біз қазір Алтынтөбе ауылы округінің халқына өз жер үлестерін қайтару жолында үздіксіз жұмыс істеп жатырмыз. Сауатты, белсенді азаматтарға жетекшілік жасап, ауыл азаматтарының басын қосып, команда құрып, жер саласының мамандармен кеңесіп, заң жолымен істі қолға алдық. Біздің жеріміздің ісі сотқа тапсырылды. Мен сіздерге баяндап отырған күрделі мәселе Қазақстан Республикасының барлық өңірлері мен аудандарында бар. Оған күмән жоқ. Сондықтан сіздерге бұл мәселе жөнінде ретімен ақпарат беремін. Басшылық тарапынан орын алған құйтырқылықтыр мен халықты алдаудын сан түрлі технологияларының қалай жүзеге асқанымен таныстарымын.

Біз зерттеп, анытқап отырған ақпараттар легі сіздерге де өте қажетті болып шығуы әбден мүмкін. Кеше біз жергілікті халыққа жер дауы бойыша іске асып жатқан жұмыстар бойынша есеп бердік. Түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. 4 ай ішінде іске асқан жұмыстардың нәтижесін айттық. Халыққа өз жер үлестерін қайтару жолында барымызды салуға дайынбыз. Бізден ақпарат күтіңіздер!

Бекболат Қаржан

Пікірлер