"Ұят, қазақ десең өзіңе тиеді": Сочидегі көлік ҚазҰУ оқытушысына тиесілі болып шықты

5442
Adyrna.kz Telegram

Сочиде жол ережесін бұзған қазақстандық көлік әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің оқытушысына тиесілі болып шықты деп хабарлайды BaigeNews.kz басылымы. Әлеуметтік желілерде мемлекеттік нөмірі 007 LTA 02, жол талғамайтын көліктің жүргізушісі көлігін Сочиде теңіз жағасына «тұраққа қойып», оның алдында көлікті тротуарға қалдырғаны үшін полициямен түсірілген кадрларда тарады.

«Алдымен мен Сочидегі Красная Полянадағы қарда серуендедім, содан кейін Қара теңізде жүзуді шештім», — делінген видеоның астында.

2021 жылғы Toyota Land Cruiser көлігі Қазақстандағы ең ірі университеттердің бірінің профессорына тиесілі екенін анықталды. Көліктің өзі жақында ғана — Жаңа жылдың алдында тіркелген. Әйел түсініктеме беруден бас тартты, бірақ бұл көлік оныкі ме деген сұраққа ол былай деп жауап берді: «Егер сіз біліп тұрып, телефоныма хабарлассаңыз, иә. Болды, менің сабағым бар», — деді мұғалім.

Ал желі қолданушылар бұл видеоға қатысты түрлі пікір қалдыруда. Олар "Ұят болған екен", "Масқара болдық", "Қазақ десең өзіңе тиеді" деп жазуда.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер