2016 жылы әдебиет аталымы бойынша Нобель сыйлығының иегері атанған америкалық әнші, композитор, жазушы, киноактер, суретші, яғни бесаспап Боб Диланға әлем таңғалғанымен, қазақ халқына олай әсер етті деп айта алмаймыз. Себебі Ақан, Біржан, Жаяу Мұса, Әсеттер, сондай-ақ оларға дейінгі де, кейінгі де ата-бабаларымыз сегіз қырлы бір сырлы болғанын білеміз. Қазіргі таңда да елімізде өзі ақын, өзі сазгер, өзі әнші өнерпаздар аз емес.
Түркияда докторантурада білім алып жатқан Ержан Жұмабекұлының әні мен сөзіне (қазақша-түрікше) жазылған, автордың өз орындауындағы «Жүрейікші көңілді – Gülümse» атты жаңа туынды шықты.
Ютуб: Ержан Жұмабекұлы
Фейсбук: Ержан Жұмабекұлы
Инстаграм: Yerzhan_Zhumabekuly
ЖҮРЕЙІКШІ КӨҢІЛДІ-GÜLÜMSE
Шіркін-ай, ат мінгізіп, бар болса, досым,
Көп жанға пәтер алып берер ем.
Бір күні сый жасармын саған да тосын,
Үмітте өмір сүрген өлең ем, өлең.
Қайырмасы:
Көңілді, көңілді, көңілді,
Жүрейікші көңілді.
Ыстық пен суықты,
Ауыр мен жеңілді.
Көріп мен де келемін,
Арманға артып сенімді.
Көңілді, көңілді,
Жүрейікші көңілді.
Arkadaş, hatırla o güzel günleri
Çekmeyen bilmez kederini
Gülümse, ufak bir tebessüm etsene
Üzülme, dert etme dost, sev kaderini
Nakarat:
Gülümse, gülümse
Gülümsemek güzeldir
Gamı hiç edelim
Haydi eğlenelim
Neşeli olalım
Mutluluğu yayalım.
Gülümse, gülümse
Gülümsemek güzeldir
Қайырмасы:
Көңілді, көңілді, көңілді,
Жүрейікші көңілді.
Ыстық пен суықты,
Ауыр мен жеңілді.
Көріп мен де келемін,
Арманға артып сенімді.
Сонда да сүйемін,
Жұмбақ толы өмірді!
Әнді төмендегі сілтеме арқылы тыңдай аласыздар!