Нұрлан Нығматулиннің орнына келген Ерлан Қошанов бұған дейін Президент әкімшілігін басқарған болатын.
Ерлан Қошанов еңбек жолын «Жезқазғантүстіметалл» ҒӨБ байыту фабрикасының слесарі, шебері болып бастаған.
Артынша 1988-1990 жж. – ҚЛКЖО Жезқазған облыстық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, 1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық сыртқы-экономикалық байланыс комитетінің жетекші, бас маманы, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары, төрағасы, 1995 ж. – Жезқазған облыстық сыртқы-экономикалық байланыс комитетінің төрағасы, 1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты, 1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкімет өкілі, 2001-2003 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкімет өкілі, 2003-2006 жж. – ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, 2006-2007 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі азаматтық авиация комитетінің төрағасы, 2007-2012 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - Үкіметтің Парламент Мәжілісіндегі өкілі, 2012 жылдың 2 ақпанынан – 2017 жылдың 14 наурызына дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысы, 2017 жылдың 14 наурызынан – 2019 жылдың 18 қыркүйегіне дейін – Қарағанды облысының әкімі, 2019 жылдың 17 маусымында осы лауазымға қайта тағайындалды, 2019 жылдың 18 қыркүйегінен бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарған.
"Адырна" ұлттық порталы