«Алтын адам» Мәскеуде

3786
Adyrna.kz Telegram

3 сәуір күні Халықтық және сәндік-қолданбалы өнердің бүкілресейлік музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасы Еуразияның Ұлы Дала белдеуінің бай мәдени мұрасына шетелдік қоғамдастықты таныстыру болып табылады.

Көрменің негізгі экспонаты – «Алтын адам», Есік қорғанында табылған жауынгер жасағы. Археологтар «Алтын адамның» жерлеу камерасыннан барлығы 4800 әшекей тапқан. Бұл бұрын-соңды табылған қорғандар ішіндегі Мысыр перғауыны Тутанхамонның қабірінен кейінгі ең көп алтын әшекейлер табылған қорған болып саналады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақытқа жататын күмістен жасалған әйелдер әшекейлері таныстырылады.

«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасының маршрутына ТМД, Азия, Еуропа және Америка елдері кіреді.


baq.kz

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер