«Нағыз патриот»: Медет Құмарғалиевтың жары мәлімдеме жасады

8806
Adyrna.kz Telegram

Пара алды деген күдікпен тұтқындалған «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың жұбайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгін барлық бұқаралық ақпарат құралында менің жұбайымды ұстауға қатысты ақпарат жарияланды, әрі оның елден кеткісі келгені туралы мәлімет пайда болды. Мен күйеуімнің елде қалғанын және оны тастап кеткісі келмегенін хабарлаймын. Берілген ақпарат шындыққа жанаспайды. Медет Құрманғалиев Қазақстанда дүниеге келді, өсті және ешқашан одан кетуді ойламаған.
Ол нағыз патриот, көп балалы әке, экологияға 20 жылдан астам уақыт бойы адал еңбек сіңірген азамат. Биліктен халықты адастырмауын сұраймын», — деп жазды Әсем Құмарғалиева.

Ол сондай-ақ қоғамдық қорғаушы ретінде оның мүддесін қорғайтынын айтты.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның бас директоры Медет Құмарғалиев уақытша тергеу абақтысына қамалған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер