Қазақстанда 4 мыңға жуық шетелдік азамат басшылық қызметте жұмыс істейді

2986
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда 15 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді, олардың 3,8 мыңнан астамы басшылық қызметте, деп хабарлайды "Адырна" сайты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстанда 14 932 шетел азаматы жұмыс істейді.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында келесі санаттар бар:

  • 635 рұқсат бірінші (басшылар мен олардың орынбасарлары),
  • 3 206 – екінші санат бойынша (құрылымдық бөлімшелердің басшылары),
  • үшіншіге (мамандар) – 7 827,
  • төртінші (білікті жұмысшылар) – 745 адам.

Сондай-ақ маусымдық жұмысқа 408 адам, корпоративтік ауысым аясында 2057 адам тартылды.

Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1779 жұмыс беруші бар. Оларда 458 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейді, бұл жалпы қызметкерлер санының 97%-ын құрайды.

Еңбек мигранттарының негізгі шыққан елдері Қытай – 3738 адам, Түркия – 1979 адам, Үндістан – 1228, Ұлыбритания – 1019, Өзбекстан – 427 адам.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер