Қайрат Шәріпбаевтың орнына «ҚазТрансГазға» жаңа басшы келді

3197
Adyrna.kz Telegram

Ибулла Серді "КазТрансГаз" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 14 қаңтарындағы шешімімен компанияның басқарма құрамына мындай өзгертулер енгізілді:

- басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев шығарылды;

- басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ибулла Серді тағайындалды.

Қайрат Шәріпбаев қаңтардың ортасында "QazaqGaz" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

58 жастағы Қайрат Шәріпбаевтың аты Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның есімімен жиі қатар аталады. Ол "QazaqGaz" ("ҚазТрансГаз") компаниясын 2020 жылдың қарашасынан бастап басқарды. Оған дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі орынбасары болған.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер