"Алаштың" мерейтойы биыл да жалғасады

3174
Adyrna.kz Telegram

Ардақты Алаш ізбасарлары, қазіргі Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп белгілеп берген Алаш парламенттік-президенттік автономиясының мерейтойы 2017 жылмен аяқталмайды, жаңа 2018 жылы әрі қарай жалғасады. Атап айтқанда:
1) Алаш Автономиясының жоғарғы мемлекеттік атқарушы билігі – Алаш Орда Бүкілқазақ Кеңесінің (үкіметінің) 1918 жылдың қаңтар айында Орынбордан Алаш қаласына (бұрынғы Заречная Слободка, қазіргі Семей) қоныс аударып орналасуына – 100 жыл;
2) Алаш Автономиясын ресми түрде жариялауына 100 жыл (1918 жылдың наурыз айы). Кеңес үкіметінің ұсынысына Алаш Орданың қайтарған жауабынан:
«Мы, члены Алаш-Орды, ... постановили признать Советское правительство – Центральным правительством, и сообщаем, что на основании постановления Всеказахского съезда, состоявшегося 5-13 декабря 1917 года в Оренбурге, немедленно провозглашаем Алашскую автономию, и будем вводить постановления вышеуказанного съезда...» (АП РК: Ф. 811, оп. 23, д. 193, лл. 52-54.).
3) Алаш Орда Бүкілқазақ Кеңесінің (үкіметінің) ресми түрде іске кіріскен күніне – 100 жыл (1918 жылдың маусымы);
4) Алаш Орда Бүкілқазақ Кеңесінің (үкіметінің) алғашқы заңнамалық қаулыларын қабылдағанына – 100 жыл (1918 жылдың 24 (11) маусымы);
5) Алаш Орда Бүкілқазақ Кеңесінің (үкіметінің) құрамында қорғаныс министрлігінің құзыры мен міндеттері жүктелген әскери бөлім құрылған күніне, яғни Алаш армиясының ресми құрылған күніне – 100 жыл (1918 жылдың маусымы);
6) 2018 жылдың 2 ақпанында тұңғыш жалпыұлттық басылым - «Қазақ» газетінің бірінші санының жарыққа шығуына 105 жыл толды;
7) наурыз айында – алғашқы қазақ коммунисі, бәлшебек Әліби (Әли, Николай, Әли-бей) Жалғабайұлы – Степнов - Жангелдиннің редакцияны талқандап, «Қазақты» жапқанына – 100 жыл толады.


Сұлтан Хан АҚҚҰЛЫ, Гумилев атындағы

ЕҰУ-дің жанындағы Алаш ғылыми-зерттеу институтының директоры

Пікірлер