Құнанбай қажы мешіті

5362
Adyrna.kz Telegram

Қарқаралы қаласында орналасқан, ағаштан қиып салылған діни ғимарат. Құрылысы 1850 ж. басталып, 1851 ж. салынып біткен. Мешіт салу жөнінде 1847 ж. 16 болыс басшылары қол қойған, аға сұлтан Құсбек Тәукеұлы мөр басқан мешіт салу туралы қағаз дуанға тапсырылған. Мешіт жанынан медресе, шәкірттер үшін жатақ, молдалар үйі бой көтерді. Құнанбай қажы мешіті Қарқаралы округінде ислам дінін уағыздауға, балалардың хат танып, сауат ашуына көп қызмететкен. Құнанбай қажы мешіті өткен ғасырдың отызыншы жылдары ислам дінін қудалаған кеңестік идеологияның салдарынан жабылып, ғимарат тозып кеткен болатын. Арада алпыс жылдай уақыт өткен соң, тек тоқсаныншы жылдары Жоғарғы Кеңес депутаты Тайыр Мансұров (қазір Солтүстік Қазақстан облысының әкімі) және сол кездегі Қарқаралы ауданың басқарған Төлеубай Шахарбаев, Әбен Рахымжанов тәрізді азаматтардың аркасында кайтадан калпына келтірілді.

 Қарауыл ауылында арнайы жобамен  160 кісілік етіп салынған. Ғимараттың ауданы  150 шаршы метр. 1994 жылы Абайдың 150 жылдық тойы қарсаңында аяқталып, пайдалануға берілді. Ғимарат жергілікті халық күшімен тұрғызылды. Биіктігі 3 метр, 80 см. Күмбезі 3 метр, бір мұнаралы  оның биіктігі 15 метр. Қабырғасы силикат кірпішпен өрнектеліп қаланған. Шатыры шифер. Еденіне толықтай кілем төселген. Ішінде имам бөлмесі, киім ілетін орын, дәріс бөлмесі және от жағатын бөлме орналасқан. Ауласы безендіріліп қоршалған.

Жолжазбамызға осылай ат қойып, айдар тағуымыздың себебін мақаланың соңына қалдыруды жөн көрдік. Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешітін зиярат ету – әу бастағы мақсатымыз еді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарияланған «Дін мен дәстүр» жылына орай, тарахи мешітті бетке алудың сәті түсті. Ойымыз – тарихтан тағылым алу, кешегі мен бүгінгіні сабақтастыру. Шіркін, қасиет қонған Қарқаралы десеңші. Бұл кешегі Әлихан Бөйкейханов пен Жақып Ақпаев жазып, ұлт үшін басын қатерге тіккен 42 бабамыз қол қойған әйгілі Қарқаралы петициясы қабылданған жер. Қазақты нағыз мұсылман етудің 47 жолын көрсетіп, қол қойғандар патшаға: «...біз қымбат құнмен есеп айырысамыз» депті.

Үшінші пунктте: «Қырғыздарға (яғни, қазақтарға) мешіт, медресе салуға рұқсат керек. Құдайға құлшылық етуге еркіндік болсын...» деген талап қойылған. Бізге Қарқаралы даласы петицияны тағы бір рет еске түсірді. Бабалар армандаған талап бүгін орындалды. Бірақ өздері көре алмай кетті. Мұсылмандыққа бекем болмаса, «тар жол, тайғақ кешпес» еді, сірә. «Өзгелер үшін өмір сүру», – деген пайғамбар даналығы осы болса керек. Құнанбай бабамыздың тоқтаусыз сауап жазылатын амал – мешіт тұрғызуы тегін емес. Сол кезде Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған ол 1850 жылдың 7-қаңтарында Сібір қырғыздарының Шекара начальнигі Клейст мырзаға жазған хатында: «...мешіт құрылысы дін ықпалын нығайтып, Құдайға құлшылық етіп, намаз оқып, халықтың адамгершілік-имандылық сезіміне өзгеріс жасау мақсатын көздейді... Сенімді түрде кірісіп, мешіттің құрылыс жұмысын өткен жылдары қауым болып жинаған қаражат есебінен және өзімнің меншігім есебінен жүргіземін... » депті.

Мешіт мемлекет қорғауында. Әр жылдары қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Елді имандылыққа ұйытатын, уағыз айтылатын орын.  Бір ғасырдан астам тарихы бар мінбер. Мешіттің төбесіндегі бұл қызыл ағаш сол қалпы сақталыпты. Отқа салса жанбайды. Бас имам Әміржан Әшімұлы бізге қызықты оқиғаны баяндап берді. 1924 жылы жергілікті шолақ белсенділер Алла үйін өртеп жіберу туралы бұйрықты орындауға кіріседі. Мешіттің шығыс жағындағы бұрышына үлкен ағаштарды жинап, от қояды. Тілсіз жау құлшылық үйіне әсте әстер ете алмапты. Алланың құдіретімен ойнағандар екінші бұрышында отты күшейтеді. Ол әрекеттерінен де түк шықпаса керек. Құлшылық үйінің бүйіріне үйіп, қалап жаққан ағаштары күлге айналғанмен, ағаш мешіттің қабырғасын тек қара күйе шалады. Адамзат баласы талай зілзала мен су тасқындарының куәсі болды. Сол табиғи апаттардан аман қалған Алла үйлері әлі күнге дейін иманды жанның рухын асқақтатумен келеді.


 “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 

Қарағанды облысы әкімдігінің мәдениет,

архивтер және құжаттама басқармасы мен

“Адырна”ұлттық порталының  бірлескен жобасы


 

 

 

 

Пікірлер