Жануарлар әлемi түктi, түксiз болып екiге бөлiнедi. Түктi жануарлардың түктерi де алуан-алуан аталады.
Сол атаулар арасынан мына бiр тобын атауға болады: қалың түктi, қаба жүндi, жұқа түктi, сұйық түктi, селдiр түктi, сирек түктi, барақы түктi, салалы түктi, саласыз түктi, ұзын қылшықты, тықыр қылшықты, тақыр түктi, барақы жүндi, қылшық жүндi, ұяң жүндi, қатқыл жүндi, жұмсақ жүндi, мықты жүндi, бос жүндi, жiбек жүндi, биязы жүндi, түбiттi, түбiтсiз, өлi жүндi, жабағылы, жабағысыз, қаба жалды, қаба құйрықты, жал-құйрықты, жал-құйрықсыз, шудалы, шудасыз, шашалы, шашасыз, кекiлдi, кекiлсiз, тұлымды, тұлымсыз, шашты, шашсыз, сақалды, сақалсыз, мұртты, мұртсыз, қаба сақалды, күйек сақалды, күрек сақалды, тесе сақалды, айыр сақалды, ұзын сақалды, келте сақалды, теке сақалды, қырықпа сақалды, шоқша сақалды, ата сақалды, т.т.
Құстар түгiне орай: қанатты қауырсынды, кiреуке қауырсынды, кiреуке жүндi, балақ жүндi, балақ жүнсiз, саңғыру жүндi, айдарлы, айдарсыз, үкiлi, үкiсiз, мамықты, мамықсыз, қарқаралы, қарқарасыз, тағы-тағылар.
Мұның сыртында бiр тал түк бойындағы өң, түс, бояулар туралы, бiр тал түк бойындағы түк өзегi, түк қарақұласы, тер көзi, тыныс жолы туралы, бiр тал түк бойында болатын бөген, қылау сияқты дерттер туралы жасалатын дәрi-дәрмектер түктен жасалатын алуан түрлi бұйымдар туралы жеке-жеке тоқталу, ол тiптi өз алдына атамаса болмайтын ғылымдар.
Қазақ халқы осы айтылған жүн-түктерге ат қойып, айдар таққан. Барлығына мән-мағына берген. Мыңдаған түбiр сөздер мен бiрнеше мыңдаған сөз тiркестерiн жасаған.
Бiр тал түк бойындағы атаулар:
1. Үлiп-сопақшалау үлгiде, үлбiреген, жылбыраған болымсыз түйiр. Бiр тал түктiң өсiп-өнуi, жетiлуi сол үлiпке тiке байланысты.
Жануарлар терiсiнiң қыртыс қабаттары — күсқыртыс, қарақыртыс, қыртыс, етқыртыс аталады. Ал түктiң үлiп бөлiгi етқыртыс қабатында тұр. /Адам терiсiнiң өзi он бiр қабат болады да, үлiп соның етқыртыс бөлiгiнде/.
Үлiп — түп, түбiр, түбiршек, түйiршек, түбiршiк, түйiн, түйнек, түйiншек, топшы, тобыршық, тамыр, тамыршық, бадана ұғымында.
2. Қылдырық — үлiптiң мойыны, үлiптiң түкке тұтасқан мойыны. Терiнiң — қыртыс, қарақыртыс, күсқыртыс қабатындағы түк бөлегi — қылдырық.
3. Қылмойын — қылдырық түктiң карақыртыс бетiне қылтиып шыққан бөлегi. Жiңiшке, нәзiк, әлсiз бөлек. Қылмойын — қылтүп ұғымында.
4. Дембел — еттi, әлдi, нәрлi белек. Қылдың, түктiң ең ұзын бөлегi. Бiр тал түктiң орта бөлегi, негiзгi бөлегi. Бiр тал түк атының сын-сипатын беретiн бөлегi.
5. Сүйiр үш — қылдың, түктiң үш жағы, сүйiр жағы, сүйiрленген жағы.
жiңiшкерген жағы.
6. Елiп — қылдың, түктiң аса жiңiшкерген жағы, қылқиып жiңiшкiрген жағы. Елбiреген, елпiлдеген, желпiлдеген, елпекшелеу, жарамсақ ойнақы бөлегi.
7. Қылау — түктiң көзге әрең көрiнетiн ұшы. Үлбiреген, үлпiлдеген, нәзiк ұш жағы. Леп бергiш ұлпа ұшы. Леп бергiш үкi, мамық бөлегi түк пен бостық өларасы.
Ел ауызынан жинаған Жағда БАБАЛЫҚҰЛЫ