1590 жылдың басында шведтерге қарсы жорыққа шыққан Федор Иоановичтің әскерінің сапында Қазақ Ордасының сұлтаны Ораз-Мұхаммед Онданұлының болғандығы жайында деректер бар. Орыс қалалары Ям, Ивангород, Нарва түбіндегі шайқаста ерлігімен ерекше көзге түскен.
Еліміз егемендігін алып, тәуелсіз болғалы халқымыздың өткен тарихы мен бабалар мұрасын ықылас қойып зерттеуге бел шеше кіріскендейміз.Себебі, Кеңес дәуірінде халқымыздың тарихын зерттеуде «салқын көзқарас» пайда болып, тіпті сол таңдағы еліміздің тарихын зерттеген көпшілік зерттеушілердің еңбектерінде бұрмалаушылық толы әрі жаңсақ, қиғаш пікірлер белең алған болатын.Отандық тарихымызды зерттеуде енді назарға ілігіп, қалам тартқысы келген әрбір кәсіби тарихшының бояуы сіңбей келе жатқан өзекті мәселелерінің бірі — Қазақ Хандығы дәуірі болатын.Ал, Қазақ Хандығы кезеңінде ғұмыр кешкен әрбір бабамыздың өмірбаянын зерттеп, тарих бетіне шығарумен қоймай, келешек өскелең ұрпаққа саналы түрде жеткізу кезек күттірмейтін мәселе деп білеміз.XVI ғ. соңында Қазақ Хандығының сыртқы саясатында көршілес Мәскеу мемлекетімен бейбітшілік, достық қарым-қатынас орнаған болатын. Бұған өзара келіссөздің пайда болуына әсер еткен бірнеше факторлар себеп болды.Соның бірі — Қазақ Ордасының сұлтаны Ораз-Мұхаммедтің орыс елінде аманат-тұтқын ретінде ұсталғанын біреуі білсе, біреуі біле бермес. Ораз-Мұхаммед шығу тегі жөнінен Шыңғыс ұрпағы, яғни Жошының тұңғышы Орда-Еженнен тарайды. Әйгілі Қазақ Хандығының негізін салушы хандардың бірі Әз-Жәнібектің 4-ші ұрпағы.Әз-Жәнібек хан — Жәдік хан — Шығай хан — Ондан сұлтан — Ораз-Мұхаммед сұлтан. Әз-Жәнібек, Жәдік, Шығай хандар Қазақ Ордасында аса зор беделге ие болған хандар.Ал, әкесі Ондан сұлтан Хақназар мен Шығай хандар тұсында жауынгерлік ерлігімен көзге түскендіктен, халқы оған сүйсініп, «Ұзын оқты Ондан сұлтан» деген лақап ат қойған.Сұлтанның анасы Алтын-ханым да Әз-Жәнібек ханның кенже ұлы Үсек ханның әулетінен болатын. Жалпы, жеті атаға жетпестен қыз алу, тек төре тұқымдарына, яғни Шыңғыс ұрпақтарына ғана тән құбылыс.Назар аударарлық бір жәйт, сол таңдағы таққа үміткер белгілі сұлтандар Есім, Тұрсын, Шах-Мұхаммед, Баһадүр, Көшек сұлтандардан гөрі асыл тектісі Ораз-Мұхаммед болатын әрі хан мұрагері қалға боп сайлануы әбден мүмкін.Ораз-Мұхаммед сұлтан жастайынанда 8 жасында атасы Шығай ханнан,13 жасында әкесі Ондан сұлтаннан айырылды. Ал 16 жастар шамасында Орыс еліне тұтқынға түсті.
Сұлтанның дүниеге келген жылы шамамен 1572/1573 жылдар. Һижраның 988 тышқан жылы, яғни 1588 жылы сұлтанның жас шамасы небәрі 16-ларда болған.Бұл деректерде жазылғандай, орыс тұтқынына алғандағы жас мөлшері болатын.
Осы жылдан жас мөлшерін шегерер болсақ, сұлтанның туылған жылы осы жылдарға саяды. Егер де бабамыздың есімін қайта жаңғыртып, еске алар болсақ бүгінгі күні бабамыздың туылғанына 440 жылдығы тойланған болар еді.Һижраның 1008-ші тышқан жылы (қазіргі есеп бойынша 1600 жылы) көктемде орыс патшасы Борис Годуновтың жарлығымен, сұлтан Ораз-Мұхаммед Онданұлы Қасым Хандығының ханы болып жарияланады. Қасым Хандығы, жалпы, XV ғ-дың ортасынан бері Ресей қол астына қарайтын әрі мұнда көршілес елдерден аманат ретінде ұсталатын көбіне ханзада, сұлтандар хан сайланатын.Осылайша, Ресейдегі Қасым Хандығының билеушісі болып қазақ азаматы сайланған болатын.Хан көтерілгеннен кейін алғашқы жылдары, яғни 1601 жылы көктемде патша қабылдауында болғаннан кейін татар ханзадалары Арыстан-Әли мен Махметқұлдарды (Сібір ханы Көшімнің інісі) ертіп, гранит палатадағы поляк елшісі Лев Сапеганы шығарып салу салтанатына қатысқан.Сол жылы сәуір айында Қырым жақ шекараны күзетуге аттанады. 1602 жылы күзде патша Борис Федоровичтің қызы Ксенияны ұзатпақ болып отырған дат ханзадасы Иоанды қабылдау салтанатында қатысады.1590 жылдың басында шведтерге қарсы жорыққа шыққан Федор Иоановичтің әскерінің сапында Қазақ Ордасының сұлтаны Ораз-Мұхаммед Онданұлының болғандығы жайында деректер бар. Орыс қалалары Ям, Ивангород, Нарва түбіндегі шайқаста ерлігімен ерекше көзге түскен.1594 жылы алғашқы рет орыс-қазақ елшіліктерінің бастамасы болып Құл-Мұхаммед бек бастаған қазақ елшілігі Мәскеуге жеткен болатын.Елшілік мақсаты – Бұхар Хандығымен болмақ болашақ ұрысқа одақтас іздеу; екі ел арасында достық байланыс орнату; Ораз-Мұхаммед сұлтанды өз еліне қайтару. Алайда, қазақ елшілігінің сұлтанды еліне қайтару жөніндегі шарты іске аспады.Көп ұзамай Мәскеу мемлекетінде қым-қиғаш ретсіздіктер туып, орыс елін қара түнекке батырған «бұлғақ жылдар» басталады. Елде аласапыран орнап, кей тұста патшаға қарсы топтардың қатарында (Болотниковтың көтерілісінде) болып, артынша жалған «Көкек-патшаның» (II Лжедмитрий) әскерінің сапында болады.Ханның сенімсіздігіне күмәнданған патша ІІДмитрий, қасына екі сенімді адамдарын ертіп, қауіп-қатерден бейқам ханды бассалып өлтіріп, оның денесін Ока өзеніне тастайды. Бұл қаза сол таңдағы түркі халықтарының қабырғасын қайыстырды.Алайда, есіл еріміздің қазасын жоқтап, ежелден анда болған, шоқынып кеткен атақты Едіге бидің ұрпағы, ноғайлық Петр Урусов кегін қайтарады.Батыр бабамыздың құлпытас зираты бүгінгі таңда көршілес Ресей елінде Қазан облысына қарасты Касимов селосында тұр.Қорыта келе айтпағым, халқымыздың тарихи төрінен орын алған әрбір қаһармандарымызды зерттеп, зерделеу өзіндік бір тақырыпты құрамақ. Елі үшін жарғақ құлағы жастыққа тимеген осындай батыр бабаларымыздың есімі әрқашанда халық жадынан кетпек емес.
Түгел Шерхан – тарих, археология
және этнология факультетінің
2 курс студенті
«Ұлт» сайты