Адам саудасы. Қазақстанда жыл сайын 150-ге жуық қылмыс тіркеледі

156
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Адам саудасы мәселесі бүкіл әлемде өзекті және есірткі мен оны сатудан кейінгі қылмыстық кіріс көлемі бойынша үшінші орында тұр. 

Қазіргі құлдық фактілері біздің елде де тіркелген. Қазақстанда жыл сайын ішкі істер органдары осындай 150-ге жуық қылмысты анықтайды. Елімізде адам саудасына қарсы күрес туралы заң бойынша жұмыс екі жылдан бері жүргізіліп келеді. Құжатқа енгізілген нормалар мен түзетулерді талқылауға 50-ден астам сарапшы қатысты. 100-ден астам отырыс өтіп, олардың әрқайсысында заң жобасының әрбір тармағы мұқият қаралды. Әзірлеушілердің айтуынша, жаңа құжат адам саудасы құрбандарының барлық қолданыстағы құқықтарын және олармен жұмыс істеу алгоритмін қарастырады. 

 «Орталық Азия өңір ретінде көші-қон процестеріне өте тәуелді. Көші-қон динамикасы өте белсенді, мұнда біз аймақтағы, оның ішінде Қазақстандағы кем дегенде 5-6 миллион мигрант туралы айтып отырмыз. Әрине, мұндай кезде адам саудасы құбылысы да кең тараған. Біз мұнда жыныстық қанаумен қатар еңбек қанауын қоса алғандағы үрдісті көріп отырмыз. Мамандар заңның қабылдануы жеке тұлғаға қарсы қылмыспен күресте жасалған үлкен қадам екенін айтады. Бұл адам саудасымен тиімді күресуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, ең бастысы, көшеде жайбарақат жүріп, адал еңбек етіп, ешнәрседен қорықпай жүрген әрбір адамға жеке қауіпсіздікті сезінуге ықпал етеді»,- халықаралық көші-қон ұйымы миссиясының жетекшісі Зейнал Гаджиев.

Қазақстанда жыныстық қанау, еңбекке жегу, күштеп қайыр сұрау және бала асырап алу мақсатында сату, жаңа туған нәрестелерді сату сияқты адам саудасына қатысты қылмыстық іс тіркелген.  Осыған орай, жаңа заң жобасы азаматтарды заңсыз қанауға тарту әдістерін қамтитын «адам саудасы» анықтамасын кеңейтеді. Бұл қорқыту немесе күш қолдану, адам ұрлау, алаяқтық, алдау, билікті асыра пайдалану және пара алу. Қалбылданған заң аясында құқық қорғау органдары аталған істердің барлығы бойынша қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік туды.

Пікірлер