Қытайдың жоспарлы арандату саясаты немесе Жалаңашкөл оқиғасы

3700
Adyrna.kz Telegram

Еліміздің мектеп бағдарламасынның тарихында 1969 жылы Жалаңашкөлдегі болған қақтығыс жайлы ақпарат жоқтың қасы деп айтуға болады. Ал оның қаншалықты маңызды болғаны туралы, өскелен ұрпақ білмейді деген тұжырым жасауға тура келеді. Биыл сол оқиға орын алғанына 50 жыл толып отыр.

Өкінішке орай, биліктің шикі саясаты арқасында, білім саламыз шіріп, көптеген қателіктер орын алған. Жастарға арналған, аманат ретінде қажетті ақпараттың басым бөлігі жоқ, оқытылмайды. Көпшілік тарихи маңызы бар оқиғалар айтылмай келеді. Соның арқасында болашағымызға қауіп төніп тұр. Себебі, сол тарихи оқиғаларға қатысы бар, қарсы тарап, керісінше тарихты бұрмалап, қиялмен өздерінің жастарына таратып жүр.

Атап айтқанда, сәл тарихқа көз салсақ, 13 тамызда Қазақстан территорисында 1969 жылы КСРО мен ҚХР арасында қарулы қақтығыс орын алып, екі тараптан ондаған сарбаздар мерт болады.

Алғашқыда қытай әскерлері көктемде Ресейдің Даманск шекара бекетін бұзып өтпекші болып, тамызда Жалаңашкөлде соны қайталап шығады. Бірақ осы жолы, соның нәтижесі әлдеқайда қаралы болып аяқталады.

Жалпы қытайлықтар аталмыш қақтығыстарды әдейі жасады деген тұжырым дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, олардың сыртқы саясатты сол негізде қаланып отыр ғой. Әйтеуір, өздерінің көршілерін шекара мәселесімен қыспаққа алып, біраз елдердің қанын ішкен болатын және әлі де солай жасап келеді. Қытайдың «жұмсақ күші» қазіргі уақытта айқын көрінсе, ал сол кезде болса, қаһарлы күшін көрсетуден қорықпайтын.

Ақырында қыркүйекте КСРО министрлер кеңесінің төрағасы A.Н.Косыгин Пекинде қытай премьері Чжоу Эньлаймен кездесіп, екі ел арасындағы қарулы қақтығыстарды тоқтатып, шекара дауын бейбіт келіссөздер арқылы шешуге уағдаласады.

Нәтижесінде 26 сәуір 1994 жылы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының басшыларының кездесуінде екі елдің мемлекеттік шекарасын ратификациялау туралы келісіміне сәйкес шешімін тауып еліміздің пайдасына түпкілікті шешіледі. Бірақ осымен қауіптілік жойылмай, әлі де сақтаулы күйде болып тұр.

Енді, ең сорақысы сол кезде Қытайдың жасаған қадамдары, Шыңжаң өлкесінің солтүстік аймақтары деп есептеп, территорияны сақтап қалу сияқты сылтау болып тұрған. Демек, олар сол кезден бастап, бүгінгі күнге дейін солай санап жүр және соны жастарының миына сіңдіріп жүрген секілді.

Сәйкесінше, қытай жағы оқиға болғанына 50 жыл толуына орай, белгілі бір қоғамдық ұйым емес, ресми Пекин сол оқиғаны атап өту бойынша шаралар ұйымдастыруда. Жалаңашкөлге қатысқан ардагерлерді шақырып, жас сарбаздармен кездестіріп, елінің тұтастығын, территориясының бірізділігін сақтап қалғандар деп дәріптеуде. Демек, army.81.cn[1] сайтында жарияланған мақала соның дәлелі. Әлі де болса, Қазақстанымыздың шығыс пен оңтүстік шығыс жерлерін өздерінің территориясы деп санайды да, солай үгіттейді.

Әлемнің көпшілігі білетіндей, Қытай өзінің саясатын бір күнде, бір жылда, ондаған жылда емес, жүз жылға алдын-ала ойластырып, соған үгіт-насихаттық жұмыстар жасауда.

Есімізге, бірнеше ай бұрын орын алған жағдайды да еске алуға болады. Қытайдың бір мұражайында жергілікті қызметкер, еліміз жайлы сөз сөйлеген кезде, елдігіміз жоқ екені деп көрсетіп, бұл Қытайдың территориясы деп айтып тұрған. Одан бөлек, интернет желісінде кейбір географиялық карталарда біздің елмен ешқандай шекара жоғын көрсететін арандату материалдары да аз емес.

Жалпы айтқанда, қытайдың қу саясаты, біздің тарапқа арандату әкеліп, ал өздерінің халқын қажетті ақпаратпен қамтып отыр. Демек, сол оқиғада олар өздерін дұрыс деп санап, сәйкесінше болашақта ұқсас жағдай қайталануы ықтимал.

Қорытындылай келгенде, құзырлы мемлекеттік органдарға осы жәйтқа көңіл аударған жөн. Ал азаматтық қоғам, Қытайға қарсы жүргізіп жатқан ақпараттық әрекеттерін жалғастыра беру керек. Санамыз тазарып, ҚХР тарапынан үлкен қауіптілік барын барлығы түсінген жөн.

 

Әубәкіров Қали, белсенді интернет қолданушысы

[1] http://army.81.cn/content/2019-02/25/content_9434209.htm?fbclid=IwAR0027AiiXJtx7-puJrn278SwcQRRRN9y3m-5FT036ypgVfiFiLlp8MVDC0

Пікірлер