Қасым-Жомарт Тоқаев жедел штабтың отырысын өткізді

2500
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті. Онда Үкіметтік комиссияның төрағасы, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев және Ішкі істер, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері баяндама жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке Алматы қаласына қосымша күштер, соның ішінде ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің күштерін жұмылдыруға қатысты берген тапсырмасының нәтижесінде қала лаңкестерден толық тазартылғаны туралы баяндалды.

Қазіргі уақытта қала тіршілігін қамтамасыз ететін барлық саланың жұмысын қалпына келтіру белсенді жүріп жатыр.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың хабарлауынша, қаланы жылу, электр қуаты, су және газбен қамтамасыз ететін барлық нысан қалыпты жұмыс істеп жатыр. Сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, жанармай бекеттері және өнеркәсіп орындары жұмыстарын жандандыруда, қоғамдық көлік іске қосылған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа зардап шеккен әкімшілік ғимаратында 14 қалалық басқарма болғаны, қазіргі уақытта олардың резервтік ғимараттарға, сондай-ақ әкімшілікке қарасты ұйымдарға орналастырылғаны жөнінде ақпарат берілді.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер