Президент мұғалімдерге арналған бағдарлама әзірлеуді тапсырды

518

Президент Қ.Тоқаев мұғалімдерге арналған арнайы бағдарлама әзірлеуді, алдағы уақытта гуманитарлық емес, техникалық мамандықтарды көбейтуді тапсырды,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Басымдық сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуге берілуі крек. Бұл — бүкіл қоғам дамуының ең маңызды факторы. Мектептерді материалдық ресурстармен қалай қамтамасыз етсек те, жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын арттыру мүмкін емес. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: "Мұғалім – мектептің жүрегі". Сондықтан мұғалімдер жетіспейтін өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары кешені мен үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырамын", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Сондай-ақ, Президент жоғары білімнің қолжетімділігі мен университеттердің бәсекеге қабілеттілігі мәселесін шешуді тапсырды.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket