Содырлар елордаға да шабуыл жасамақ болды – Тоқаев

833

Содырлар Нұр-Сұлтан қаласына да шабуыл жасауды жоспарлаған. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҚ лидерлерінің онлайн саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Бір уақытта 11 өңірде көтеріліс болды. Бірақ негізгі соққы Алматыға бағытталды. Бұл біздің ірі қалаларымыздың бірі, қаржы орталығы екенін білесіздер. Маңызды көлік және коммуникация желілері осында. Бұл қаланың құлауы бүкіл оңтүстікті, кейін елді басып алуға жол ашар еді. Лаңкестер құқық күштерін өзіне тартуға үміттеніп, кейін елордаға соққы жасағысы келген. Біз президент резиденциясына содырлар жиналғанын көрдік. Бұл - шын мәнінде, әртүрлі жолмен ұйымдастырылған мемлекетке қарсы террористік соғыс", - деді Тоқаев сессияда.

Президенттің айтуынша, Алматы қаласы мен 9 облыс орталығы бандиттердің қолында болған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket